È

Ардақ Әмірқұлов

Фильмография рейтингі :

6.53 (3 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов - кинорежиссер.

    1955 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл облысының Ақкөл ауылында дүниеге келген.

    Педагогикалық институтта оқыды (1977); Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (С.Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген (1988).

    Оның «Отырардың күйреуі» алғашқы көркем фильмі көрермендер, киносыншылар, тарихшылар және халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған.

    Монреаль қаласында (Канада) өткен халықаралық кинофестивальде (1991) Киносыншылар халықаралық ассоциациясының «Фипресси» жүлдесіне, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына (1992), Фигуэйра Де Фош қаласындағы (Португалия) Халықаралық кинофестивальдің (1992) «Күміс табақша» жүлдесіне және Ашхабадта (Түрікменстан) 1 халықаралық кинофестивальдің (1992) «Күміс жарты ай» бас жүлдесіне ие болған; «Оскар» кинофильмдер академиясына ұсынылды (1992).

    «Қазақфильм» киностудиясының бас директоры(1992-1996);

    «Ард-фильм» студиясының жетекшісі

    Кинематографистер одағының мүшесі (1991).

    ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992).

    Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында оқытушы, 1996 жылдан бері профессор.

    2001 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында режиссерлар курсын жүргізді.

    «Құрмет» орденімен (2005), Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының медалімен марапатталды.

     

    Режиссер:

    • 2008 Қош бол, Гүлсары | Прощай, Гульсары (Қазақстан)
    • 1997 Рүстемнің суретті жазбалары | Записи Рустема с картинками (Қазақстан)
    • 1995 Абай | Abai (Франция, Қазақстан)
    • 1991 Отырардың күйреуі  | Гибель Отрара

     

    Сценарист:

    • 1988 Мутанттар | Мутанты

     

    Продюсер:

    • 1997 Рүстемнің суретті жазбалары | Записи Рустема с картинками (Қазақстан)
    • 1996 Шанхай (Қазақстан)
    • 1995 Абай | Abai (Франция, Казахстан)

     

    Марапаттары, жүлделері, фестивальдер:

    • 1991 Монреаль қаласында өткен  кинофестивальда ФИПРЕССИ  жүлдесі;
    • 1991 Фигуэйра Де Фош қаласындағы (Португалия) халықаралық кинофестивальде «Күміс табақша» жүлдесі;
    • 1992 Ашхабадта өткен халықаралық кинофестивальде «Күміс жарты ай» бас жүлдесі;
    • 1992 Сочида өткен кинофестивальде Ер адам рөлі (Д. Қадыралиев) үшін «Кинотавр—92» жүлдесі
    • 1992 Әдебиет және өнер саласында Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (түсірілім тобына);
    • 1993 «Қазақ киносынының бүгіні» байқауында үздік сомдалған фильм ретінде Гран-при («Өлім періштесі Сұржекей» фильмімен бөлісті), үздік режиссура жүлдесі, үздік музыкалық шешім (Қ. Шілдебаев), дубляж шеберлігі (Ұлжан Қолдауова) аталымдарымен марапатталды. 
  • Жыл Фильмнің атауы
    1991 Отырардың күйреуі Режиссер
    1996 Шанхай Продюсер
    2008 Қош бол, Гүлсары! Режиссер
  • «Еуразия» ХКФ-і жайында қызықты 13 дерек

    Әсерлі кино мейрамның ерекшеліктері

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06