È

Әубәкір Сүлеев

Фильмография рейтингі :

6.28 (9 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Сүлеев Әубәкір Қалиұлы - кинооператор, продюсер. ұстаз.

    КСРО кинематографистер одағының мүшесі (1980).

    1947жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы Луговской ауданы Луговое ауылында туған.

    Еңбек Қызыл Ту орденді Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинооператорлық факультетін бітірген (Мәскеу қаласы, 1977). 1969 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясында жоғары санаттағы қоюшы-операторы (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).

    2005 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, операторлық шеберхананың шебер-жетекшісі, операторлық өнер кафедрасының меңгерушісі. Киномен байланысты шығармашылық жолын 1970 жылы «Қазақтелефильм» студиясында кинооператордың көмекшісі болып бастады, ал бір жылдан кейін «Қазақфильм» киностудиясында кинооператордың көмекшісі болды. 1972 жылы Ә.Сүлеев Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинооператорлық факультетіне түсіп, 1977 жылы толық теориялық курсын бітіреді, ал 1979 жылы димломдық жұмысын «өте жақсы» деген бағаға қорғап шығады. Оның кинооператор-қоюшы ретінде жұмыс істеген көптеген фильмдері әртүрлі кинофестивалдерде жүлделерді иеленді («Ән салатын аралдың жұмбағы», «Менің жасыл төбедегі үйім», «Торо», «Балкон», «Отырардың күйреуі», «Қайрат»).

    Шығармашылық жұмысымен қатар, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы қызметін қоса алып жүр.

     

    Марапаттары:

    2002 жылы Мәдениет қайраткері.

    2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

     

    Фильмдері:

     

    Деректі фильм: 

    «Тізбектер» (1977), «Сіздің мүддеңізде» (1981), «Жас жұбайларға мемлекеттік сақтандыру» (1983), «Өмір бояулары» (Б. Сүлеевпен бірге, 1993), «Атамекен» (Б. Сүлеевпен бірге, 1993), «Доспамбет жырау» (1997), «Кері қайтар жол жоқ» (1997), «Бекет-Ата» (1999), «Батыс та жоқ – Шығыс та жоқ» (2000-2001), «Қасым Қайсенов» (2001), «IDEX-2001» (2001), «Рух шақырады» (2003), Ұлы көш (2007), «Қазақстанның экологиясы» (2008).

     

    Көркем фильм: 

    «12 жасыңда» (Б. Сүлеевпен бірге, 1978), «Ән салатын аралдың жұмбағы» (Б. Сүлеевпен бірге, 1980), «Туған өлке» (1981), «Қызыл киіз үй» (1982), «Ұш, қыран құс!» (1985), «Жасыл төбедегі үйім» (Б. Сүлеевпен бірге, 1986), «Торо» (1987), «Балкон» (1988), «Шілде» (1988), «Отырардың күйреуі» (С. Койшымановпен бірге, 1991), «Қайрат» (1991), «Қоштасқым келмейді» (Б. Сүлеевпен бірге, 1992), «Ешқайда апармайтын саяхат» (1992), «Абай» (Х. Қыдырәлиевпен бірге,  1995), «Жамбылдың жастығы» (Б. Сүлеевпен бірге, 1996), «Көшпенділер» (оператор-қоюшы 2005), «Арман қала» (хикая, 2009). 

     

    Продюсер:

    «Сиқырлы демеуші» (2001), «Әурелең» (2008).

  • Жыл Фильмнің атауы
    1980 Әнші аралдың құпиясы Қоюшы-оператор
    1982 Қызыл отау Қоюшы-оператор
    1985 Ұша ғой, тырна Қоюшы-оператор
    1987 Торо Қоюшы-оператор
    1991 Отырардың күйреуі Қоюшы-оператор
    1996 Жамбыл Қоюшы-оператор
    2005 Көшпенді Қоюшы-оператор
    2009 Арман қала Қоюшы-оператор
    2017 Апан Қоюшы-оператор

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06