È

Дәрежан Өмірбаев

Фильмография рейтингі :

5,13 (13 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Өмірбаев Дәрежан Қаражанұлы - кинорежиссер, сценарист, кинотанушы.

    1958 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы, Ұйық ауылында дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика факультетін (1980); БМКИ-дің (ВГИК) кинотанушы, режиссерлік факультеттерін (А. Плахов шеберлігі, 1987) бітірген.

    «Қазақфильм» киностудиясында бағдарламашы, ұстаздық, редакторлық қызметтерін атқарған.

    1988 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы-режиссёрі.

    ҚР кинематографистер одағының мүшесі (1992).

    «Жаңа фильм», «Сине Фантом» және т.б. журналдарда шыққан кино теориясы туралы мақалалардың авторы.

    2004-2006 ж.ж. аралығында «Киноман» журналының бас редакторы болған.

    Кинодағы дебюті «Шілде» қысқаметражды көркем фильмінен басталған. Кинематографиялық қоғамның жоғары бағасын алған бұл жұмыс жас суретшінің өмірінде қиын сәтке айналды. 1989 жылы ол Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына қайта оралып, өзін толығымен кинорежиссураға арнайды.

    Тәуелсіз «Платиналы Тарлан-2001» сыйлығының лауреаты.

    2004 жылдан бері Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Өнертану» факультетінің кинотанушылар шеберлік курсын өткізіп келеді. 

     

    Кинодағы рөлдері:

    • 2012 Студент / Студент (Қазақстан)
    • 1993 Бейтаныс / Незнакомец | Stranger (Қазақстан)
    • 1992 Бала көлеңкесі / Тень мальчика (Қазақстан, қ/м)

     

    Режиссер:

    • 2013 Reverence / Reverence (қ/м, Қазақстан)
    • 2012 Студент / Студент (Қазақстан)
    • 2007 Шұға / Шуга | Shuga (Франция)
    • 2001 Жол / Дорога | Jol (Қазақстан, Франция, Жапония)
    • 1998 Қанішер / Киллер | Tueur à gages (Қазақстан, Франция)
    • 1995 Кардиограмма / Кардиограмма (Қазақстан)
    • 1991 Қайрат / Кайрат (Қазақстан)
    • 1988 Шілде | Июль (қ/м)
    • 1982 Өмір / Жизнь (қ/м)

     

    Сценарист:

    • 2013 Reverence / Reverence (қ/м, Қазақстан)
    • 2012 Студент / Студент (Қазақстан)
    • 2006 Махаббат жайында / Про любовь (қ/м, Оңтүстік Корея)
    • 2001 Жол / Дорога | Jol (Қазақстан, Франция, Жапония)
    • 1998 Қанішер / Киллер | Tueur à gages (Қазақстан, Франция)
    • 1995 Кардиограмма / Кардиограмма (Қазақстан)
    • 1991 Қайрат / Кайрат (Қазақстан)
    • 1988 Шілде | Июль (қ/м)
    • 1982 Өмір / Жизнь (қ/м)

     

    Жүлделері мен марапаттары:

    • 1992 Ашхабадтағы ХКФ. «Үздік бейнелі шешім» үшін қазылар алқасының сыйлығы (Қайрат)
    • 1992 Локарно ХКФ. «Күміс Барыс» сыйлығы, FIPRESCI жүлдесі (Қайрат)
    • 1992 Страсбург ХКФ. Гран-при, баспасөз сыйлығы (Қайрат)
    • 1992 Нантада өткен үш құрлық ХКФ. Екінші сыйлық (Қайрат)
    • 1993 «Бүгінгі қазақ киносы» Алматыдағы көрсетілім-байқауы. «Үздік кинобағыт» үшін сыйлық (Қайрат)
    • 1995 Венеции ХКФ. ЮНЕСКО жүлдесі (Кардиограмма)
    • 1995 Нантада өткен үш құрлық ХКФ. Қазылар алқасының сыйлығы (Кардиограмма)
    • 1996 Сингапур ХКФ. Гран-при (Кардиограмма)
    • 1998 Канн ХКФ. «Ерекше көзқарас» бағдарламасының үздік фильм үшін берілетін сыйлығы  (Қанішер)
    • 1998 Карловы Вары ХКФ. Киноклуб қазылар алқасының арнайы атауы (Қанішер)
    • 1998 Нантада өткен үш құрлық ХКФ. Құрметті сыйлық (Қанішер)
    • 1999 Тегеран ХКФ. Үздік сценарий үшін жүлде (Қанішер)
  • Жыл Фильмнің атауы
    1988 Шілде айы Актер
    1988 Шілде Режиссер
    1995 Кардиограмма Режиссер
    1995 Кардиограмма Сценарист
    1998 Қанішер Режиссер
    1998 Қанішер Сценарист
    2001 Дорога - Жол Сценарист
    2001 Дорога - Жол Режиссер
    2007 Шұға Режиссер
    2007 Шұға Сценарист
    2012 Студент Сценарист
    2012 Студент Актер
    2012 Студент Режиссер
  • Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

    Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады. 

     

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Gulzhan Kaya

10 маусым 2014, 20:46

Инакомыслящий....Между небом и землёй)))

Асан Жасымбеков

7 января 2018, 23:01

Доброго времени суток Даке Мое имя Асан внук Алихана Букейхана Выставил ролик про Чингизидов Сижу и думаю может в каком нибудь историческом кино снятся ? ролик можно посмотреть здесь https://www.youtube.com/watch?v=2NffhNRumkg&t=653s С уважением, Асан jochi@list.ru

Қазір талқыланып жатқандар
10 лучших игровых короткометражных фильмов Казахстана

а где можно посмотреть эти фильмы? не могу найти в интернете

Zhansaya Kanatova

Вчера в 17:03

5 фильмов с участием Кэри-Хироюки Тагава

а где разборка в маниле?)))

Олег Фомин

09 Қазан 04:24

5 фильмов с участием Кэри-Хироюки Тагава

а как же Смертельная битва, Теккен?

Linar Yanuzakov

05 Қазан 18:35

Ауэз Ауэзов (Турмагамбетов)

пусть оплатит заем в компаний до зарплаты

Айжан Сарсенбекова

10 Қыркүйек 18:25