È

Ермек Аманшаев

Фильмография рейтингі :

6.09 (12 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Ермек Әмірханұлы Аманшаев – драматург, прозаик, сыншы, режиссер, продюсер, сценарист.

    1963 жылы 12 наурызда Маңғыстау облысы, Құрық ауылында дүниеге келген.1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірген. 1985–95 жылдары Орталық мемлекеттік мұражайында ғылыми қызметкер, «Қазақ Совет энциклопедиясында» ғылыми редактор, «Жалын» журналында жауапты хатшы, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да аға оқытушы болған.1991 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда қойылған «Үзілген бесік жыры» атты алғашқы қойылымы оған үлкен табыс алып келді. Осылайша, Амантаев сол жылдары академиялық театр сахнасында қойылған қойылымның ең жас авторы атанды. Ол 10-нан аса ғылыми еңбектің, 2 кітаптың авторы: «Албасты туралы аныз», «Үзілген бесік жыры» (1991 ж. Мәскеу қаласы Халықаралық жас драматургтер фестивалінің лауреаты), «Қыр астындағы сол ғажайып әлем» және т.б.  Сондай-ақ, М.Әуезов жайлы шығармасы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұынылды. Оның пьессалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда, М.Лермонтов атындағы орыс драма театрында, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанды.  

     

    Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992)
    Филология ғылымдарының кандидаты.

    Мәдениет комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің вице-министрі болып жұмыс істеді (2002-2003); ҚР мәдениетінің вице-министрі (2003-2004); ҚР Ақпарат және спорт министрлігінің вице-министрі (2004-2006). 2008 жылдан бері  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының  президенті. Қазақстан жазушылар одағының және кинематографистер одағының мүшесі (2009). «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік атағымен марапатталған. 

     

    Режиссер:

    • 2013 – Параллель әлемдер / Параллельные миры (Қазақстан, Ресей)

     

    Сценарист:

    • 2013 - Параллель әлемдер / Параллельные миры (Қазақстан, Ресей)

     

    Продюсер:

    • 2014 – Елестерді аулау / Охота за призраком (Қазақстан)
    • 2013 – Көшбасшы жолы. Өтты өзен. Темір тау. / Путь лидера. Огненная река. Железная гора | Көшбасшы жолы (Қазақстан)
    • 2011 – Жоюшы / Ликвидатор (Қазақстан)
    • 2011 - Жерұйық |  Земля обетованная (Қазақстан)
    • 2010 - Трубадур (Қазақстан, Ресей)
    • 2010 – Қызғылт қоян туралы ертегі / Сказ о розовом зайце (Қазақстан)
    • 2010 – Серпіліс / Рывок (Қазақстан)
    • 2010 –Махаббат тәлкегі /  Ирония любви / Соблазнить неудачника (Қазақстан, Ресей)
    • 2009 – Афалиннің секірісі / Прыжок Афалины (Қазақстан)
    • 2009 – Сіз кімсіз, Ка мырза? / Кто вы, Господин Ка? (Қазақстан, Ресей)
    • 2009 – Арман қала /Город мечты (Қазақстан)

     

    Жоба жетекшісі:

    • 2010 –Астана-махаббатым менің / Астана, любовь моя (телехикая, 12 бөлім)
  • Жыл Фильмнің атауы
    2009 Афалинаның секірісі Продюсер
    2010 Күтпеген махаббат Продюсер
    2010 Махаббат тәлкегі Продюсер
    2010 Жерұйық Продюсер
    2010 Серпіліс Продюсер
    2010 Қызғылт қоян туралы хикая Продюсер
    2011 Жоюшы Продюсер
    2013 Параллель әлемдер Режиссер
    2013 Көшбасшы жолы. Отты өзен. Темір тау Продюсер
    2013 Параллель әлемдер Сценарист
    2014 Елес аңшылары Продюсер
    2015 Алтын адам Продюсер

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06