È

Ермек Тұрсынов

Фильмография рейтингі :

4.39 (12 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы - режиссер, сценарий жазушы, ақын, жазушы, аудармашы, кинодраматург, КСРО журналистер одағының мүшесі, мини-футболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

    1961 жылы 20 шілдеде Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін (1984) және БМКИ-дің (ВГИК) сценарий-кинотану факультетін (1990) бітірген. 

    «Мегаполис» газетінің бас редакторы, журналисті; «Қазақстан» телеарнасының бас директоры; «31 арнаның» бас продюсері қызметтерін атқарған.

    2008 жылы «Келiн» (Невестка) фильмін түсіріп, режиссерлік мансабын бастаған. Киносыншылар бұл картинаның бағытын режиссер Сёхэя Имамураның әйгілі «Нараям туралы аңыз» фильмімен салыстырған болатын. Фильм Америка киноакадемиясымен таңдалып, «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесіне таласатын 9 үміткерлердің қысқартылған тізіміне енді. 

    2009 жылы ортағасырдағы Шығыстың танымал қолбасшысы, Египет пен Сирия сұлтаны Бейбарысқа арнап, «Мәмлүк» жаңа романының тұсауын кесті.

    2010 жылы Құрманбек Артықбаевпен бірге (Алматы облысы кедендік бақылау Департаментінің басшысы) «Мамырдың жеті күні» атты кітап шығарады. 2011 жылы кітап желісімен аттас фильм түсірілді.

    2012 жылы режиссердің «Шал» («Старик») атты келесі фильмі жарыққа шығады. Картина белгілі америка жазушысы Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» («Старик и море») повестінің желісімен түсірілген. «Шал» фильмі Алматы қаласындағы «Жыл таңдауы» ХIII фестивалінде «Жыл фильмі» деп танылды. Картина жылдың үздік фильмі ретінде «Құлагер» ұлттық жүлдесіне ие болды. 2013 жылғы «Киношок» фестивалінде фильмге Гран-при бұйырды. 2015 жылы режиссердің трилогиядағы соңғы «Кенже» атты фильмі шықты.

    Екі рет отбасылы болған, үш қызы бар.

     

     

    Сценарист:

     

    • 2015 Жат / Чуждый (Қазақстан)
    • 2015 Кенже / Младший брат (Қазақстан)
    • 2012 Шал / Старик (Қазақстан)
    • 2012 Жас Ұлан (хикая, Қазақстан)
    • 2011 Мамырдың жеті күні / Семь майских дней (Ресей, Қазақстан)
    • 2009 Сіз кімсіз, Ка мырза? / Кто вы, господин Ка? (Қасқыр ізі, реж. Х. Ахметов)
    • 2009 Сабалақ (Т. Бекмамбетовпен бірге)
    • 2008 Мұстафа Шоқай (реж. С. Нарымбетов)
    • 2008 Келін / Невестка (Қазақстан)
    • 2008 Бақсы́ (С. Бодров және Г. Омаровамен бірге)
    • 2007 Жақын жекпе-жек / Ближний бой (реж. Е. Ялгашев)
    • 2007 Құрақ көрпе / Лоскутное одеяло (реж. Р. Әбдірашев — «Киношок» кинофестивалінде үздік сценарий үшін жүлде алған, 2007)  
    • 1993  Әбілқайыр хан / Абулхаир-хан (реж. В. Пусурманов)
    • 1990  Әурелең / Мытарь («Алтын қауырсын» драмалық байқауының лауреаты, Мәскеу қаласы)

     

    Режиссер:

     

    • 2015 Жат / Чужой (Қазақстан)
    • 2015 Кенже / Младший брат (Қазақстан)
    • 2014 Кемпiр / Старуха (Қазақстан)
    • 2012 Шал / Старик (Қазақстан)
    • 2011 Мамырдың жеті күні / Семь майских дней (Ресей, Қазақстан)
    • 2008 Келiн / Невестка (Қазақстан)

     

  • Жыл Фильмнің атауы
    1993 Мені ұмыт Сценарист
    2007 Жақын жекпе-жек Сценарист
    2007 Құрақ көрпе Сценарист
    2008 Мұстафа Шоқай Сценарист
    2008 Бақсы Сценарист
    2012 Шал Сценарист
    2012 Жас Ұлан Сценарист
    2012 Шал Режиссер
    2015 Жат Сценарист
    2015 Жат Режиссер
    2018 Киномеханик Сценарист
    2018 Киномеханик Режиссер

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Remet

29 желтоқсан 2016, 14:45

"Жат" не понравился. фальшиво все выглядит!

Асан Жасымбеков

7 января 2018, 22:45

Доброго времени суток Ермек Мое имя Асан внук Алихана Букейхана Выставил ролик про Чингизидов Сижу и думаю может в каком нибудь историческом кино снятся ? ролик можно посмотреть здесь https://www.youtube.com/watch?v=2NffhNRumkg&t=653s С уважением, Асан jochi@list.ru

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06