È

Ғабит Мүсірепов

  • Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов - жазушы, әдебиеттанушы, драматург, қоғам қайраткері.

    1902 жылы 9 наурызда (22 наурыз) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, бұрынғы Жаңажол ауылында дүниеге келген.

    1923-1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетінде, содан кейін Омбы ауылшаруашылығы институтында оқыды.

    1938 жылы алғашқы сценарийі «Амангелдіні» жазды (Б.Ивановпен және Б.Майлинмен бірге)

    Мүсірепов өзінің еңбек жолын 1925 жылы бастады. Алғашқы «Шыңырау» (1928) романында 1918-1920 жылғы ұлт азаттық қозғалысы баяндалады. Ұлы Отан соғысы кезінде Абай атындағы Қазақ опера театрының сахнасында қойылған «Қыз Жібек» операсының авторы. Мүсіреповтің қазақ театрларының сахнасынан ерекше орын алған драматургиялық шығармалары - «Қыз Жібек» операсы (1934), «Амангелді» пьесасы (1936), «Қозы Көрпеш Баян сұлу» (1939), «Ақынның трагедиясы» (1958, алғашқыда «Ақан Сері-Ақтоқты» деп аталған).

    Қазақстан Жазушылар одағының басшысы (1956-1962 және 1964-1966; КСРО жазушылар одағының хатшысы (1959 жылдан бастап): 1974 – 75 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

    Қазақстанның халық жазушысы (1984)

    Әйелі — Раиса Мұхамедьярова,КСРО Еңбек сіңірген әртісі.

    1985 жылы 31 қаңтарда 83 жасында дүниеден өтті.

     

    Сценарист:

    • 1977 Кездеспей кеткен бір бейне
    • 1972 Көкжиектер
    • 1969, 1970 Қыз-Жібек
    • 1954 Махаббат жайлы дастан
    • 1950 Кеңестік Қазақстан (деректі)
    • 1942 №12 әскери киножинақ
    • 1938 Амангелді

     

    Марапаттары мен жүлделері:

    • 1974 Социалистік Еңбек ері
    • Үш мәрте Ленин орденімен, екі мәрте Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
    • 1970 Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы
    • 1976 Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты

     

    Ескерткіштері:

    • 2002 жазушының жүз жылдығына Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылындағы Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрының алдына ескерткіш мүсін орнатты.
    • Жазушының жүз жылдығына пошталық марка мен естелік тиындар шығарылды.
    • Абай даңғылынан жоғары көрмеге дейін Мүсірепов су бұрқағы бар.
    • 2. 559 жобасының моторлы кемесін жазушының құрметіне «Ғабит Мүсірепов» деп атады.
  • Жыл Фильмнің атауы
    1970 Қыз Жібек Сценарист

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

2 февраля 2018, 23:46

Қазақ өнеріне зор үлесін қосқан ұлы тұлға!

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06