È

«Қазақ хандығының» жалғасын күтіп жүрміз, немесе Көшпелі дәуірдің кремний дәуіріне аманаты бар

«Қазақ хандығының» жалғасын күтіп жүрміз, немесе Көшпелі дәуірдің кремний дәуіріне аманаты бар

Ғабит Мүсірепов, Сұлтан Ходжиков сияқты ұлылар дүниеге әкелген «Қыз жібек» фильмінен кейін салмағы сонымен шендесетін кино көре алмай шерменде болғанымыз жасырын емес шығар. Төл тарихына сусаған көрерменнің шөлін қандыруға жалғыз «Көшпенділердің» құнары жетпеді. «Алмас қылыш» пен «Алтын тақ» дилогиясы, «Қазақ хандығы» топтамасы осы сұраныстың сусысынын қандырған ауқымды дүние мен үшін.

Кино монтажер «Амели», «Чужой-4: воскрешение», «Враг государства номер один»
Кино монтажер «Амели», «Чужой-4: воскрешение», «Враг государства номер один»

Кино – ұлы өнер. Ал ұлы өнер атаулының қашан да үлкен саясатпен астасып жататыны бесенеден белгілі жайт. «Тарих толқынындағы халық», «Мәңгілік ел» гипотезалары қазақ топырағында жалған ұран мен жалпақшешей науқан үшін ғана қайта жаңғырмағанын көзі қарақты қазақтың бәрі біледі. Еуропацентристік көзқарасқа көшпелі өркениеттің тікелей мирасқоры ретінде лайықты жауап қатып, «Ұлы даладағы озық дүниенің бәрі отаршылармен бірге келді» дегенді таңушыларға сәт сайын уәжді іспен жеткізу бүгінгі күннің талабына айналып отыр.

Жер ана төсіне теміржол түскенше төрткіл дүниенің тынысын тұлпарының тұяғымен тербеген бабалардың әлем өркениетіне қосқан үлесін ғылым ақиқаты әлдеқашан дәлелдеп болған. Тек соны мойындату, сеңдей сірескен саналарға сіңіру бүгіннің еншісіндегі шаруа болса керек. Терең тарихымызды бел ортадан қайырып, «Қазақ хандығына 550 жыл» деп жар салуымыздың мәнісі осындай қордалы да күрделі қамнан туған қарекет-тұғын. Қазақ киносына жаңа есімдер қосып, тарихи фильмдер де касса жинай алатынын көрсеткен киножоба туралы сөз етпек болған екенбіз, осы жайын қозғамай өте алмадық.

Енді жобаның өзіне келсек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей алқауымен, Рүстем Әбдіраш, Смағұл Елубай,Тимур Жақсылықов,Ерлан Толеутай зейін-парасатымен дүниеге келген туынды талай актердің бағын ашты. Киношежіре экранға жол тартқаннан бері Керей ханның рөлін сомдаған Қайрат Кемалов, Жәнібек ханның кейпін сомдаған Еркебұлан Дайыров көрермен көңіліне Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты бір өзі бір дәуірге айналған корифейлердің ізбасары ретінде мықтап бекіді. Бозбала Қасымның рөліндегі Мейірғат Амангелдін,жігіт сұлтан Бұрындықтың рөлінде Аян Өтепберген де бұған дейін өзіне қаратып айтылған аванс-лебіздерді осы жолы толығымен ақтағандай. Біздің пайымдауымызша, туындыдағы ең шебер сомдалған образ Ниязбек Шайсұлтановтың Шах Мұхамед образына тиесілі. Хан сарайы бойына сіңірген еркелікті бірде кесек мінез ерлікке жеңдіріп, бірде өзімшіл өлермендікке мойынсал еткен ханзада рөлі барлық жағынан да шынайы шыққан. Тарихи тұлғалар не су түбіндегі асыл тастай мінсіз, не адам сүйер қылығы жоқ қаныпезер болуы шарт дейтін шаблоннан режисердің бойын аулақ ұстауы да қазақ киносы үшін аз олжа емес. Досқан Жолжақсынов керемет актерлік шеберлікпен сомдаған Әбілхайыр ханның бейнесі де осы жағынан ұтымды шыққан.Көрерменге оқиғалар лебін қоңыр даусымен баяндаған абыз-Асан қайғы қарияның рөлін сомдаған -Исбек Әбілмажінов дәп бір сол дәуірден желмаясымен келгендей өте шынайы шыққан.

Қазақтың төл мәдениетінде ерекше тұғырлы орынға ие болған ақындар айтысы дәстүрінің жаугершілік заманынан терең тамыр жайғанын көрсететін майдан шебінде Қазтуған мен Нар ақынның көрінісі, айтыс дәстүрінің түп нұсқасын жаңғыртқандай әсер береді.Ресми тарих көп айта бермейтін ноғай мен қазақтың айырылу трагедиясы да туындыда көрініс тапқан. Хан тағынан бауырмалдықты жоғары қойған Жәнібектің Керейге деген құрметі кез келген билік ұстаған басшыға үлгі. Ең бастысы осы идея өте нанымды берілген.

Бұған дейінгі тарихи фильмдердің көбіне ортақ бір кемшілік бар-тұғын. Осыны аңдаған кірпияз көрермен: «Қазақтың жоңғардан басқа дұшпаны болмаған ба» деп қыжыртатын. «Суырт жортқан жаушылар», «Батыр баян», «Кек», «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала» деп тізе беруге болады. «Қазақ елі» жобасы бұрынғы тарихи туындылардан қамтыған кезеңімен-ақ ерекшеленіп тұр. Әбілхайыр сарайындағы қым-қуыт интриганы ауық-ауық естілетін мәліннің даусымен ғана шендестру де сәтті штрих.

Құлақ түгілі бойды шымырлататын Әбілқайыр Жарасқанның музыкасы бір ерекше дүние.

Туындының көркемдік жағын жақсы үйлестірген суретшілер тобын бастаған костюм суретшісі -Ажар Әубәкірова,қоюшы суретшілер -Мұрат Кәріпов,Еділ Нүсіпов ,Сәбит Құрманбеков,Өмірзақ Шманов сынды жандардың еңбегі ерекше. Соның дәлелі ретінде 2017-2018 жылдары алған «Тұлпар», «Құлагер» мараппаттаулары.

Бір сөзбен айтқанда, бұл туынды қазақ киносы десе ішкен асын жерге қоятын ересек буынның көктен тілегенін жерден беріп қана қойған жоқ. Кремний дәуіріндегі көнеден гөрі креативке құмар буынның мойнын Ілияс Есенберлин шығармашылығына, көзі қарақтыларын қазақтың шынайы тарихына бұрғызды.

О баста бұл жоба Қазақ хандығының іргесі қаланған тұстан Кенесарының көтерілісіне дейінгі кезеңді қамтуы керек болған. Біздің көкей сол жоспардың аяқсыз қалмағанын көксейді. Қазақ хандығының алтын шежіресі 20 серияны қойып, 100 серияға арқау болуға жарамды. Қазақ руханияты, қазақ ортасы «Алмас қылыш», «Алтын тақ», «Қазақ хандығы» сияқты сүбелі туындыларға сусап-ақ тұр. Бұл туынды Москвадағы «Третьяков» галереясының кинозалында, Уфа, Қазан, Ыстамбул, Париж, Люксембург, Будапешт, Лос-Анджелес қалаларында көрсетіліп көрермен көзайымына ие болды.Бұл туынды мемлекеттік сыйлыққа әбден лайық екені айдан анық деп ойлаймын.

 

 

Кинотанушы, киносыншы, Қазақстан киносынышлар қауымдастығының президенті,

Әдебиет және Өнер орденінің Кавалері (Франция ), «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері,

Гульнара Абикеева

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер