È

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веномның» жаңа бейнесі

Егер бір күні денеңізге симбиот (келімсек) кіріп, сізді адам сенгісіз күшке ие қылса не істер едіңіз? Бірақ, ол симбиот қаскөй. Онымен келісу де қиындық тудырады...

Marvel туындыларын ұнататын киномандардың көптен күткен фантастикалық комикс жанрындағы «Веном» фильмі көрерменге жол тартты.

Режиссер Рубен Флейшердің фантастикаға толы бұл фильмі Веном жайлы. «Веном» - ауытқуға алып келетін химиялық элемент формасындағы жат планеталық жаратылыс. Планетадағы барлық тіршілік иесін жою мүмкіндігіне ие. Ал егер адам денесіне енер болса, ол оны өз мүддесіне пайдаланып, қатал, әрі қайырымсыз кейіпкерге айналдырады.

Фильмнің сюжетіне тоқтала өтсек. Жер планетасына ғарыш кемесі құлайды. Ол ғарыш кемесінде ауытқуға алып келетін қара түстес симбиоттар бар еді. Бұл симбиоттың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында және өз қалауын орындау үшін ғалым Карлтон Дрейк (Риз Ахмед) зерттеуге кіріседі. Дрейк өзінің зерттеу жұмыстарын көше кезген адамдарға заңсыз түрде тәжірбие жасаудан бастайды. Алайда, күткен нәтижесі сәтсіз аяқталады.

Фильм әдеттегі жақсылық пен жамандықтың күресін, сатқындық пен махаббат тақырыбын көтереді. Режиссер фильмді фантастикалық және қорқынышты кадрлармен қоса, көрерменді күлкіге қарық қылатын да тұстарымен де толықтырған. Кейіпкерлерді сомдаған Том Харди, Риз Ахмед бастаған актерлік құрам өз ролін шебер ойнап шықты. Фильмнің құрылымы, арнайы эффектілердің пайдалануы көрерменнің қөңілінен шығуда.

 

Киноға барған Жанеля Дүйсенбайқызы

 

«Веном» фильмінің кестесі кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

«Веном» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment-ке және Lumiera Cinema кинотеатрына алғыс білдіреміз.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

31 желтоқсан, 2019

Алматыда ұлттық «Құлагер-2019» киножүлдесі табысталды

«Құлагер»  ұлттық кинематографиялық жүлдесі 2007 жылдан бастап өткізіледі

Brod.kaz

Казахстанское кино

23 желтоқсан, 2019

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер