«Веном»: Том Хардидің түнек жағы бостандықта
Sony Pictures студиясы «Веном» фантастикалық комиксінің екінші трейлерін ұсынды, таспада Том Хардидің («Дюнкерк», «Тірі қалған») бостандыққа шыққан түнек жағын көрсетеді. «Қараңыздар, біз негізі Веномды фильмге қосуды ұмытқан жоқпыз», - деп қалжыңдады студия басшысы Том Ротман дүйсенбі күні CinemaCon-да. Бұл роликте Том Хардидің трансформациясы аяқталады. «Веномның» жаңа ролигі Хардидің Marvel антикейіпкері образына симбиот-келімсекке қажеттен де көп күш жұмсағанын көрсетеді. Ол көрермендерді бұл рөлді басқаша көруге дайындауда.
Том Харди алдыңғы жолы осы айда Сан-Диегода Comic-Con фестивалінде барлығына «Веномның» жаңа трейлерін көрсету үшін төбе көрсеткен. Сондай-ақ, ол Эдди мен Веномды екі түрлі кейіпкерлер ретінде қарастыру кезінде өзі егіз ағайындыларды сомдаған 2015 жылғы «Аңыз» фильмінің алдағы комикстегі рөлге жақсылап дайындалуға көмектескенін жеткізді. Харди қлының осы кейіпкердің жанкүйері болғандықтан, рөлді сомдауға келіскенін де жеткізді, яғни ұлы себепші болған. Сондықтан, актер кішкентай баланың экраннан ерекше бір дүниені тамашалауы үшін өзі де ерекше бір нәрсе жасағысы келген. Жалпы, өзі ылғи ашушаң әрі қатал еркектерді сомдайтынын да айта кетті.
«Веном» комиксі 2018 жылдың 4 қазанынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін