Джаред Лето Sony-дің Өрмекші адам жайлы жобасындағы тірі қанішер Морбиустың рөліне дайындалуда
Музыкант әрі актер Джаред Лето («Аутсайдер», «Жүзбен жүгіруші 2049») Sony-дің Өрмекші адам жайлы жобасындағы тірі қанішер Морбиустың рөліне дайындалып жүр. Marvel-дің графикалық романына негізделген фильмнің режиссері Даниэль Эспиноса («Тірі», «44 нөмір») тағайындалды. «Өзін-өзі өлтірушілер» тобында Әзілкеш рөлін сомдаған Лето түйіндемесінің комикстердің тағы бір кейіпкерімен толығатынына сенімді. Сценарийімен Берк Шарплесс («Ғарышта адасқандар», «Египет құдайлары») және Мэтт Сазама («Құдіретті рейнджерлер», «Мыстандардың соңғы аңшысы») айналысып жатыр.
Sony жобасы антикейіпкерге негізделген, ол – тірі қанішер Морбиус. Дәрігер Майкл Морбиус сирек кездесетін қан ауруымен ауырған, ол өз-өзін емдемек болып, ем дұрыс жасалмай, нәтижесінде қанішерге айналып кетеді. Морбиустың аса жоғары қанішерлік қасиеті бар, бірақ онысы Өрмекші адаммен шайқасқа түсуіне кедергі келтірмейді. Бұл кейіпкер алғаш рет 1971 жылы «Ғажайып Өрмекші адамның» 101-шығарылымында пайда болған еді, бұл Өрмекші адамды жасаған Стэн Лидің қатыспаған бірінші шығарылымы болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін