Sony-дің «Күміс және қара» жаңа жобасының күту рейтингі күн санап өсуде
Sony-дің «Күміс және қара» жаңа жобасының күту рейтингі күн санап өсуде. Қазіргі таңда сценарий жұмыстары жалғасып жатыр. Ақпанда шығу күні әлі нақтыланбаған болатын, енді Sony «Өрмекші адамның» әйелдерге арналған спин-оффы - «Күміс және қара» картинасының кешігіп шығатынын ресми түрде мәлімдеді.
Режиссері Джин Принс-Байтвуд («Аралардың жұмбақ өмірі», «Сахна сыртында») болып тағайындалған фильм екі танымал кейіпкер – Күміс Бұлғын мен Қара мысыққа бағытталған. «Күміс және қара» фильмінің тұсаукесері 2019 жылдың 8 ақпанына жоспарланған және Sony-дің биылғы қазанда жарыққа шығатын «Веномнан» кейінгі екінші спин-оффы болуы тиіс еді. Сценаристер Линдси Бир («Аласапыран адымы») және Женева Робертсон-Дуорет («Tomb Raider: Лара Крофт», «Капитан Марвел») «Күміс және қараға» арнап, басқа авторлардың - Кристофер Йост («Тор: Рагнарёк») пен Лиза Джойдың («Жабайы Батыс әлемі» хикаясы) жазғанын қайта өңдеп жатыр.
«Күміс және қара» фильмінің көрсетілімі әзірге белгісіз болғанына қарамастан, Джина Принс-Байтвуд барлығына былай деді: «Өңдеу арқылы сценарийді жақсартуымыз керек. Барлығы сценарийден басталады. Фильмдегі оқиға керемет болу керек, сондықтан түсірілімді бастамас бұрын, барлығын дұрыс жасап жатқанымызға көз жеткізуіміз қажет».
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін