È

«Tomb Raider: Лара Крофт»: дубляждалған жаңа трейлер Алисия Викандердің экрандағы тағдырын бейнелейді

«Tomb Raider: Лара Крофт»: дубляждалған жаңа трейлер Алисия Викандердің экрандағы тағдырын бейнелейді

«Tomb Raider: Лара Крофт» жаңа трейлерінде «Оскар» иегері Алисия Викандер («Мұхиттағы жарық», «Джейсон Борн») көрермен алдына мазарларды жоюшы және шытырман оқиғаларды іздеп жүруші Лара Крофттың образында шығады. Актрисаның қатысуының арқасында танымал франшиза қайта жандана түспек, трейлерден экшн-көріністерді ғана емес, Лараның әкесімен қарым-қатынасын көруге болады.

«Tomb Raider: Лара Крофт» жаңа таспасының сюжеті 2013 жылы қайта шығарылған аттас бейнеойын негізінде құрылған, ол жақта 21 жасар Лара Крофт бірнеше жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен әкесіне (Доминик Уэст, «Төртбұрыш», «Тәккапарлық») қатысты деректерді іздеу мақсатында Жапония маңындағы аралдарға қауіпті саяхат жасайды.

Фильмде Лара Крофтты Анджелина Джоли және әкесін Джон Ву сомдаған алдыңғы екі картинаның сюжеті де кездеседі. Норвег режиссері Роар Утхауг («Толқын») күдіксіз, шытырманға толы әсерлі экшнды түсіре алды. Мұның барлығы бүкіл әлем бойынша 35 миллион көшірмемен сатылған ойын негізінде жүзеге асырылды.

«Tomb Raider: Лара Крофттың» тұсауы 15 наурызда кесіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер