IMDb.com киносайты 2018 жылы күтілетін 10 фильмді жариялады
IMDb.com сайтының нұсқасында DC мен Marvel-дің батырлар туралы комикстеріне баса назар аударылған. Біз бұған аса таң қалмаймыз. Оның үстіне, әзірге атауы жоқ Дэдпул жайындағы сиквел де осы рейтингке енді. «Оушеннің 8 құрбысы» қылмыстық комедиясының қайта шығарылымы да, «Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» спин-оффы да құрметті орынға ие болды. Бір қызығы, басты рөлді Алисия Викандер сомдаған «Tomb Raider: Лара Крофт» та тізімге енген. Ол Анджелина Джолидің орнына тамаша ойнап шығуы тиіс.
IMDb.com сайтының 2017 жылғы қорытындысындағы TOP-10
- «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс»
- «Қара Ілбісін»
- «Дэдпул-2»
- « Юрск кезеңі әлемі 2»
- «Tomb Raider: Лара Крофт»
- «Тынықмұхиттық кезең 2»
- «Жыртқыш»
- «Оушеннің 8 құрбысы»
- «Орындалмайтын тапсырма 6»
- «Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих»







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін