Том Круз «Орындалмайтын тапсырма 6» атыс-шабыс фильмінің түсірілімінде аяғын жарақаттап алды
YouTube желісінде Том Круздың шатырдан секіріп, құлап бара жатқанын бейнелейтін бейнежазба жарияланды.
Негізі, актер барлығын өзі жасағанды ұнатады. Кейде трюктары күлкілі болып шықса, енді бірде жағымсыз жәйттармен аяқталып жатады.
Жақында «Орындалмайтын тапсырма» атыс-шабыс фильмінің Лондондағы түсірілімінде Том Круз бір шатырдан екіншісіне секіріп жатып, аяғын шалыс басып, қабырғаға соғылып қалады. Актерға каскадерлер көмектескен, бірақ ол аяғын қатты жарақаттап алады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін