Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?
Қазіргі кезде бір-бірімен үйлеспейтін киімдерді кию де тренд. Отандық кинемотограф актрисалары да бүгінгі сәннен шетте қалмақ емес: актрисалардың әрқайсысының өзіндік құпиялары бар.
«Пиковая дама» картинасында Герман: «Біздің өміріміз не? Ойын!» деген болатын. Бірақ ойынды да әдемі ойнау керектігін айтпапты. Сұлулықтың ең биігі әрбір ұсақ-түйекке дейін ойластырып киінуде. Сыртқы келбеттегі кейбір кемшіліктер сырттан сөз болады және фотокамералардың обьективін толтырады. Қазақстандық актрисалар осы мәселеге қалай қарайды?
Әсел Сәдуақасова өзнің санқырлы образымен таң қалдырады. Ол кешкі көйлектер кисе де, қарапайым джинсы мен жейде кисе де сымбатты болып көрінеді. Актрисаның киіну стиліне назар аудасрақ, оның басты ерекшелігі киімді өз орнына сай киюі. Ол белгілі бір іс-шараның ерекшелігіне, ауа-райына, іс-шара өтетін орынға сай киінеді. Әселдің басты құпиясы – look. Бұл стиль Әселдің тартымдылығы мен жоғары талғамына сай келеді.
Актриса Әсел Садуақасова
Аша Матайдың образы өте нәзік әрі сыпайы. Өте жинақы кешкі көйлектер және киіміне сай таңдалған әшекейлер мен биік өкше ақ киімдер, шілдерлі жұқа жейделер актрисаның сұлулығын айқындай түседі. Алайда кейде Аша көйлекті джинс шалбарға, биік өкшені ыңғайлы аяқ киімге ауыстырғанда да оның сұлулығы көз тартып, қараған адамды өзіне тартып тұрады.
Актриса Аша Матай
Динара Бақтыбаева кэжуал стилін сенімді ұстанады. Бірақ ыңғайлы киімнен бөлек көйлек пен биік өкшені де киеді. Кез келген әйел өзгеруге бейім тұрады, ал актрисалар тіпті өзгерістен қорықпайды. Динараның образы өте ыңғайлы, стильді және әсерлі. Динараның әр киімі өте жақсы ойластырылған, титімдей кемшілік табу мүмкін емес.
Актриса Динара Бақтыбаева
Стиль мен киім-кешек таңдау оңай шаруа емес, көптеген көзге көріне бермейтін ұсақ-түйек ережелері бар. Отандық актрисалар өздерінің кинодағы рольдерімен ғана емес, әсем бейнелерімен, сән әлеміндегі білімімен көрерменді қуантып келеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін