È

Спорттық драма түсірілуде

Спорттық драма түсірілуде

«Қысқа метражды фильмдер үшін менде өте көп идея болды, алайда олар өте күрделі. Сценарий жазу үшін көптеген әдебиеттерді оқу 0ажет болды. О баста мен психологиялық триллер түсіргім келген, мен үшін мотивация тақырыбы жақын екенін түсіндім. Қазіргі заманда адамдар жиі есеңгіреп, күйзеліске, тоқырауға ұшырайды. Қиын жағдайда адамдар өздерін қалай ұстауды білмей жатады. Қазақстанда мен әлі адамдарға әсер қалдыратын, алға ұмтылдыратын жобалар көрген емеспін. Сондықтан осындай фильм түсіруге тырысып көрейін деп батылдықпен кірістім», дейді Тұрар Давильбеков.

Тұрардың спорттық драманың сценанрийін жазуға шабыт берген Дэмьен Шазеллдің картинасы: «Бір жыл бұрын қатал дирижер туралы «Одержимость» атты фильм көрдім. Басты рөлді Джонатан Ки мбл Симмонс»,

«Быстрее себя» – жеңіл атлет туралы фильм, ол командасымен бірге әлем чемпионатына дайындалып жатады. Алайда спортшылардың аяқ астынан жаттықтырушылары ауысып, қиындыққа тап болады. (рөлде Азиз Бейшеналиев).

Көрермен Тұрар Давильбековты «Адалиты. Одни из нас», «Слово офицера», «Кайрат-чемпион. Девственник №1» фильмдері арқылы таныс.

«Мен кинода ережені ұната бермеймін. Меніңше идея кеңістігін тарылтатын шығармашылықта шектеу болмау керек. Мен ешқашан ынталы студент болған емеспін. Бірақ осы жылы бакалавриатты аяқтаймын, дипломдық жұмысқа дайындалып жатырмын.», дейді Тұрар Давильбеков.

«Ұзақ уақыт бойы мен ештеңе түсірген жоқпын. Өйткені режиссер болу үшін өмірлік тәжірибе керек, өсу керек. Мен осы жобан түсіретін болғандықтан бар жан-тәніммен кірісіп жатырмын, қолымнан не келетінін көрсеткім келеді», дейді Тұрар.

Фильмнің хронометражы шамамен 13-15 минут Режиссердің айтуынша, егер жоба сәтті шығып жатса, жақсы пікір қалыптастырса, келесі жылы «Быстрее себя фильмінің »толық метражды нұсқасын да түсіруі мүмкін.

Картинаның басты кейіпкері – Қазақстанның жеңіл атлетика бойынша спорт шебері Артем Савальев. Фильмнің продюсері Тахмина Одинаева, сондай-ақ түсірілімге Азиз Бейшеналиев пен Ольга Ландина да қатысады.

«Тахмина жобаға бұған дейін салмақты жобаларда жұмыс істеген кәсіби мамандарды тартты. Түсірілім тобы ешқандай қайтарымсыз жұмыс істеуге келісті, мен өте қуаныштымын, алғысым шексіз», дейді режиссер.

Маусым айында Тұрар Давильбеков екі толық метражды фильмнің сценарийін жазуға кіріседі. Ал актер ретінде Тұрарға жаз мезгілінде киноға түсуге ұсыныс түскен.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

«Тағдыр тартысы»

«Хабар» телеарнасында «Тағдыр тартысы» атты деректі драманың тұсаукесерлік сериясы көрсетілді.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер