È

«Тағдыр тартысы»

"Тағдыр тартысы"

Тележоба «5 студия» телевизиялық продакшн-тобымен бірлесіп жасалды. Режиссеры – Арнур Ташев, сценарий авторы – Қанат Рамадан.

«Тағдыр тартысы» өмірде болған оқиғалар негізінде жинақталған видесюжеттер циклі. Әрбір эпизод – әр кейіпкердің басынан өткен оқиғасы, оның көрген қиындықтары мен күйзелісі. Өмір үшін күрес, отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен балалары арасындағы мәселелер, басқа да көптеген өмірлік жағдайлар көрермен назарына ұсынылады. Әр серияның ұзақтығы 30 минут.

Дебюттық сериясы «Мен сендерді сүйемін» деген атаумен шықты. Бас кейіпкер фотограф Сайлаудың әйелі мен балалары бар. Бір күні Диляра атты қызды кездестірген Сайлау отбасынан кетіп қалады. Алайда көп ұзамай олардың арасындағы романтикалық қарым-қатынас қуаныштан гөрі қайғы әкеледі…

Бұған дейін мұндай тележоба «КТК» арнасында «Әйел қырық шырақты» деген атаумен шығып, әйелдердің басындағы шынайы оқиғаларды көрсеткен болатын.

«Хабар» арнасында «Тағдыр тартысы» жұмыс күндері күндізгі 11:45-те шығады.

Әйгерім Қасқыр

Аударған Айнұр Сенбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

«Астана» телеарнасында «Отбасы» скетчкомының жаңа маусымы

«Астана» телеарнасында «Отбасы» скетчкомының екінші маусымы басталды

Айнур

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер