È

Нұр-Сұлтан қаласында ATAU қысқаметрлі фильмдер фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында ATAU қысқаметрлі фильмдер фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 20-24 қаңтар аралығында ATAU қысқаметрлі фильмдер фестивалі өтеді. Фестиваль мақсаты жас режиссерларды қолдау және шығармашылық идеялармен алмасу болып табылады.

Platforma.projectroom жобасы болып табылатын фестивальге биылғы жылы RedMark киностудиясы, Artop, Aru Cınema жаңа кинотеатрлар желісі қолдау білдірді. Кураторлары - Айгүл Ибраева мен Әйгерім Мәжитхан.

Қазылар алқасының құрамына кинорежиссер Ерлан Нұрмұхамбетов, кинотанушы Ержан Жұмабеков, өнертанушы Айгерім Мәжитхан және өткен жылғы ATAU фестивалінің жеңімпазы Шұғыла Сержан енді.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: «Үздік режиссерлық жұмыс», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Жаңа көзқарас», «Көрермен дауысы».

Бағдарламаға 20-дан астам фильм еніп, әр кеш сайын 5-6 фильмнен көрсетіліп отырады. Сондай-ақ, биыл жоба географиялық шекарасын кеңейтті. Бағдарламада Қазақстандық режиссерлармен қатар Қырғызстан мен Өзбекстан фильмдері ұсынылады.

Еске сала кетсек, былтырғы ATAU фестивалінің негізгі жүлдесін Шұғыла Сержан режиссерлік еткен «Самал» фильмі иеленген.

Жәнәбіл Назерке

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, I курс, кинотану

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

23 желтоқсан, 2019

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков

Brod.kaz

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

19 Шілде, 2020

Қазақстандағы кинофестивальдер қозғалысы

Қазақстан кинофестивальдерінің бағыт - бағдары, деңгейі және пандемия жағдайындағы мәселелер төңірегінде кинотанушылардың пікірі

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист