È

ATAU кинофестивалінің жеңімпаздары

ATAU кинофестивалінің жеңімпаздары

28 қараша күні Астанада «Мәскеу» бизнес-орталығында ATAU студентік кинофестивалінің ашылуы болды. Байқау бағдарламасына Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінің қысқаметражды таспалары қатысты.

Төрт фестивальді күн барысында түрлі жанрдағы таспалар көрсетілді, олардың үздіктері 1 желтоқсан күні анықталды.

«Сезімталдық пен визуалды қатар» жүлдесін Елизавета Новикованың «Түймелер» картинасы иеленді.

Бауыржан Дәрменов түсірген «Жалғыздық. Адамсыз жерлер» картинасы «Ерекшелік үшін» марапатқа ие болды.

«Экранда жастардың сенімді портретін жасағаны үшін» аталымында Әмір Әменовтің «Жаздың салқын түнi» жүлде иеленді.

«Өзекті тақырыпты қозғаған батырлығы үшін» Шұғыла Сержан режиссерлік еткен «Самал» фильмі жүлдеге ие болды.

«Шығу тегін іздеу» категориясында Нұрсұлтан Нұскабековтың «Қасапшының бір күні» фильмі жеңімпаз атанды.

Аян Найзабековтың «Толғау» таспасы көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды.

Қазылар алқасының құрамына Қазақстан киносыншылар қауымдастығының мүшесі Александра Поршнева, өнертанушылар Ольга Скальчук (Ресей), Әйгерім Мәжитхан енді.

Шараның негізін қалаған және ұйымдастырған Айгүл Ибраева болды.

Еске салсақ, ATAU кинофестивалінің байқауына 23 фильм қатысқан болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер