È

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы» 14 жылдан соң қайта оралды! Жақында «Болашақ» Қауымдастығының корпоративтік қоры, BI Group компаниясы, Walt Disney Pictures және Pixar студиялары көрермендерге көптен күткен «Суперотбасы-2» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасын таныстырды. Айта кету керек, қазақ дубляжының режиссері - «Коко құпиясы», «Галактика сақшылары. 2 бөлім» және «Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмдерімен жұмыс істеген Шах-Мұрат Ордабаев. Бұл қазақ тіліне дубляждалған 24-ші фильм болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазіргі таңда Отанды сүю, отбасы құндылықтарын бағалап, ана тілінің мәртебесін арттыру мақсатында осы тектес туындыларды қазақ тіліне аудару қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Осылайша, отандық қор мен компаниялар «Қазақша сөйлеуді өзіңнен баста!» деген ұранмен заманауи анимациялық туындылар арқылы кішкентай бүлдіршіндерге, жалпы әрбір қазақ баласына ой тастап, ана тілінің дамуына үлес қосып жүр. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Құбыжықтар демалыста-3», «Шақылдақ және төрт патшалық» және «Ральф ғаламторға қарсы» атты анимациялық фильмдер де көрермендерге қазақ тілінде жол тартпақ.

«Суперотбасы – 2» картинасының режиссері Брэд Бёрд аталмыш туындысы арқылы қаһармандық қызметтің қиындықтарын, әділеттік орнату үшін күрес жүргізетін кейіпкерлердің мәселелерін алға тартады. Сонымен қатар, ата-ана болудың үлкен міндет, зор жауапкершілік және ауыр қызмет екендігін көрсетеді.

«Суперотбасы – 2» анимациялық фильмінің негізгі кейіпкерлері – аса зор күштің иесі Боб мырза, созылмалы-иілгіштік қасиеті бар Эластика ханым, көрінбейтін қасиетке ие жасөсіпірім қыз Виолетта, өте жылдам қозғалатын желаяқ балақай Дэш және көбейіп, көзімен атып, құбыжыққа айнала алатын сәби Джек-Джек. Сюжет желісіне тоқтала кетсек, суперқаһармандар отбасы әдеттегідей кезекті зұлымдықпен күреседі. Бірақ, қалаға зиян келтірді деген айып тағып, оларды билік өкілдері жазалап қояды. Кенеттен, белгісіз бір миллиардер суперқаһармандарға көмектескісі келетінін айтып, суперотбасыға қызықты ұсыныс жасайды. Қаһармандық міндетке алдымен Эластика ханым кіріседі, ал отағасы Ерекше мырза үйде балаларға қарап қалады. Алайда, Боб мырза өзінің үйде отырғанына іштей налып, күйінеді. Дегенмен, уақыт өте келе, балаларының көңілін тауып, отбасының бірлігін сақтайды. Ата-ана болудың нағыз қаһармандық екенін түсінеді. Бұл тамаша жұптың балалары да керемет қасиеттерін паш етеді. Бірақ, олар өздерінің ерекше қабілеттерін жасыруға мәжбүр. Себебі, билік өкілдері суперқаһармандарды аса ұнатпайды және қандай да бір іске араласуын құптамайды. Дегенмен, ең соңында, барлығы бірігіп, жауызды жеңеді, зұлымдықпен күресіп, әділдік орнатады. Демек, жанұя кез-келген істі бірігіп істесе, бір-бірін сыйлап, құрметтеп, түсіне білсе ғана нағыз бақыт орнайды.

Мультфильм әзілден де кенде емес. Әсіресе, кішкентай Джек-Джектің ерекше қабілеті барлығын таң қалдырып, тәтті қылықтары езуіңе ерексіз күлкі үйіреді. Сонымен қатар, анимациялық туынды әсерлі экшнмен де қызықтыра түседі.

Қорыта айтқанда, «Суперотбасы – 2» картинасы түрлі әзілдер арқылы отбасылық өзекті мәселелерді, әділеттілік, шындық үшін күрес мәселелерін қозғайды, өмірде досың болып жүріп, аяқ астынан сатып кетуі мүмкін адамдардың барын көрсетеді, сонымен қатар жасөсіпірімдер мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Басты айтар ойы - отбасы бірлігінің маңыздылығында. Анимациялық фильмнің балаларға, жалпы қоғамға беретін тәрбиесі орасан зор. Бүкіл отбасымен бірге тамашалауға тұрарлық фильм, балалардың да, ересектердің де көңілін көтеретін тамаша туынды. Жалпы, аталмыш анимациялық фильмді тамашалай отырып, «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген сөздің растығына тағы бір мәрте көз жеткізуге болатындай.

 

 

Киноға Мадина Кегенбаева барды

 

«Суперотбасы – 2» мультфильмінің кестесі кинотеатрлар афишасында қолжетімді.

 

«Суперотбасы – 2» анимациялық фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Болашақ» корпоративтік қорына, Meloman Entertainment-ке және Kinopark 11 IMAX Esentai-ға алғыс білдіреміз.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Рецензии

29 Апреля, 2016

Көшбасшы жолы

27 сәуірде «Көшбасшы жолы» киноэпопеясның «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталатын сиквелінің тұсаукесері болды. Фильм Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі жайлы. 

Айнур

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер