È

«Демалыстағы құбыжықтар 3» мультфильмі қазақ тіліне дубляждалды

«Демалыстағы құбыжықтар 3» мультфильмі қазақ тіліне дубляждалды

«Болашақ» корпоративтік қоры Marwin компаниясының қолдауымен «Демалыстағы құбыжықтар 3» мультфильмінің қазақ тілді трейлерін жарыққа шығарды. Картина кинотеатрлардан 2018 жылдың 12 шілдесінен бастап қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

«Демалыстағы құбыжықтар 3» мультфильмі граф Дракуланың кезекті демалысы жайында баяндайды. Бұл жолы граф круизге аттанып, аяқ астынан лайнердің капитаны – көркем әрі батыр Эрикаға ғашық болады. Алайда, саяхат нағыз сұмдыққа айналуы мүмкін, себебі Эрика өзін таныстырғандай адам емес.

Картинаның қоюшы-режиссері - Генндий Тартаковский, ол «Сим-Бионик Титан» және «Самурай Джек» анимациялық хикаяларын түсірген.

Айта кету керек, «Демалыстағы құбыжықтар 3» - қазақ тіліне дубляждалған 24-ші шетелдік фильм.

Анимациялық фильмнің таратушысы - «Меломан» айналым компаниясы.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер