È

2018 жылы күтілетін 10 мультфильм

2018 жылы күтілетін 10 мультфильм

Анимациялық фильмдер балаға да, үлкенге де, жалпы барлығына ұнайды. Сондықтан, әр жанұяға түрлі мультфильмдерге баруға болады. 2018 жылы жарыққа шығатын мультипликациялар тізімінде белгілі әрі танымал, сүйікті хикаялардың жалғасымен қатар, жаңа, әсерлі сюжеттер бар. Жаңа жылда көруге тұрарлық ең жарқын анимациялық 10 фильмді өздеріңізге сақтап қойыңыздар.


«Пүліш құбыжық»

Режиссері: Рафаэль Рибас

Бразилияның қызықты ерекше мультипликациялық хикаясы осы қыста көрсетіледі. Лино есімді жігіттің өмірінде барлығы сәтсіз. Жұмыста балалар жүйке-жүйесіне тие береді, үйі құлауға шақ тұр, жеке өмірі де мәз емес. Қайғыдан қапа болған жігіт бақытты болғысы келетінін айтып, балгерге келеді. Бірақ, сиқыршы әдеттегідей қателесіп, жігітті үлкен мысыққа айналдырып жібереді. Сол кезде ғана Лино бұрынғы сәтсіздіктерінің уақытша болғандығын түсінеді. Енді ол қайтадан адам болуы үшін ерекше бір әрекет жасауы тиіс.

 

«Демалыстағы құбыжықтар 3»

Режиссері: Дженнди Тартаковски

Адамдар мен қанішерлердің, басқа да мақұлықтардың шайқасы жайындағы мультфильмнің жалғасы. Үшінші бөлімде отбасылық саяхат туралы сөз қозғалады. Мэйвис таң қалдыру мақсатымен, барлығын круиз кемесіне шақырады, бірақ жағымды демалыстың шырқын атышулы курортты роман бұзады. Бұл жолы Дракуланың өзі махаббатқа мас болады, ол тіпті кімнің қызына ғашық болғанын және сезімінің қандай мәселелерге алып келетінін байқамайды.

 

«Питер қоянның хикаялары»

Режиссері: Уилл Глак

Анимациялық фильм сюжетінің негізіне балалар жазушысы Беатрис Поттердің кейіпкері Питер қоян арқау болды. Ол жақын маңдағы бақшада кішігірім ұрлықпен айналысады, бұл әрекеті МакГрегор мырзаға аса ұнай қоймайды. Бір қызығы, мультфильмге кәдімгі актерлар атсалысқан, әсіресе МакГрегордың рөлін Донал Глисон ойнайды, ол «Қош бол, Кристофер Робин» картинасында жазушы Алан Милн образымен есте қалды.

 

«Тамаша отбасы 2»

Режиссері: Брэд Берд

Pixar Animation Studios және Walt Disney Pictures мультфильм жанкүйерлеріне 2004 жылғы кейіпкерлер хикаясының жалғасын ұсынады. Яғни, өзінің керемет қабілетке ие екенін түсінген балақай халықтың махаббатына бөленеді. Анимацияда оның ата-анасы Ерекше мырза мен Эластика, Фиалка мен Шастика төбе көрсетеді. Бірінші бөлімнің жалғасы бола ма, оны уақыт көрсетер. Қазіргі таңда, жанкүйерлер осы фильмнің шығуын асыға күтіп жүр.

«Шерлок Гномс»

Режиссері: Джон Стивенсон

«Гномео мен Джульетта» (2011) мультфильмінің сиквелі жақында айналымға шығады. 6 жыл бұрынғы мультфильмде авторлар Уильям Шекспир қайғысын бейнелеген болса, енді әйгілі детектив Артур Конан Дойлдың тақырыбындағы шытырманға толы комедияны көретін боламыз. Трейлерінен анимацияның өте қызықты әрі әсерлі болатынын байқауға болатын сияқты. Осылайша, классикалық әдебиеттің жаңа жанкүйерлері көбейе түспек.

 

«Мадагаскар 4»

Сценарийі: Эрик Дарнелл, Том МакГрат

Белгілі мультфильмнің төртінші бөлімі туралы мәлімет әзірге жоқ. Бірақ, «Мадагаскар 4» авторлары жарқын әзілге, батыл пингвиндердің қатысуындағы шытырман оқиғаларға, рухани диалогтарға, керемет сюжеттерге толы картина болатынын мәлімдеді. Картина франшизаның жаңа кейіпкерлерімен жақырынақ таныстырмақ. Ұзынқұлақтың айтуынша, бұл әкесі қызының сүйіктісін қабылдамауы туралы классикалық хикая болады. Дегенмен, жігіт батыл әрекеттерінің арқасында сүйіктісінің әкесін баурап алады.

 

«Жәндіктердің құпияға толы өмірі»

Режиссерлері: Арно Бурон, Антун Крингс

Анимацияның әлемдік тұсаукесері маусымда болғанына қарамастан, еуропалық мультфильм еліміздің киноэкрандарына 4 қаңтар күні шығады. Қарапайым шегіртке Доминик және жәй ғана қоңыз болғысы келетін патшайым екеуі түнде өзеннің жағасында кездейсоқ жолығысып қалады. Екеуінің арасында сезім пайда болады, бірақ олар белгісіз біреудің патшалықты тартып алғысы келетінін білмейді. Сол кезде Доминик ғашығының тағы үшін күресіп, азаматтық батырлығын танытады.

 

«Жалғызбасты гном»

Режиссерлері: Питер Лепениотис, Шелли Шеной

Мультфильм қиын жағдайларда маңызды шешім қабылдау, өзара көмек және достық жайындағы әсерлі хикаяны баяндайды.

Сюжет бойынша бір үйге жаңа тұрғындар көшіп келеді. Сол үйде гномдар үй иелерінің тыныштығын қорғау үшін басқа әлемде өмір сүретін зұлым жаратылыстармен күреседі.

 

«Ральф 2»

Режиссерлері: Рич Мур, Фил Джонстон

Компьютерлік ойындары кейіпкерлерінің мәселелері туралы баяндайтын 2012 жылғы анимацияның сиквелі түрлі қызықтарға толы болмақ. Бұл жақта Disney студиясының барлық ханшайымдары төбе көрсетеді, ал басты кейіпкер Ральфтың хикаялары компьютерлік ойындардан алыстайды – ол Әлемдік шырмаудың бойымен саяхат жасайды. Ол жақта ғарыштағыдай барлығын жасауға болады екен.

«Сиқырланған 2»

Режиссері: Адам Шенкман

Disney студиясының бір құтыдағы мультипликациясы мен фильмі көрермендерге алғашқы таспаның ғажайып эмоциясын сыйламақ. Таспада қуаныш та, қайғы да болады. Сюжеті әзірге құпия, яғни бұл аниматорлардың көрермендерге шытырманға толы сюжет пен басқа да тосын сыйлар дайындап қойды деген сөзді білдірсе керек.

 

 

Альберт Ахметов

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер