È

«Питер қоянның хикаялары»: дубляждалған екінші трейлер

«Питер қоянның хикаялары»: дубляждалған екінші трейлер

Ағылшын балалар жазушысы Беатрис Поттердің қатал фермердің бақшасына барып, көкөністер мен жеміс-жидектерге тойып алғысы келетін кішкентай әрі ұшқалақ Питер есімді қоян туралы танымал кітабының экрандауын Sony Pictures Animation ұсынбақ.

Беатрикс Поттердің шынайы хикаяларында қоян МакГрегор мырзамен бәсекелес болғаны көрсетілген, бұл әрине, осы трейлерде де бар. Дегенмен, қызықты өзгерісін де байқауға болады. Трейлер арқылы Роуз Бирн мінезін байқай аламыз, ол шындығында Беатрис Поттер бола алатын еді.

Питер қоян оқырмандардың көпшілігін баурап алған пасық әрі пысық кейіпкер, енді қарым-қатынас туралы өзінің заманауи комедиясында басты рөлді сомдайды. Фильмде Питердің МакГрегор мырзамен қастығы үлкен деңгейге дейін жетеді, өйткені екеуі жануарларға мейірімділік көрсететін жанның назарына таласады. Ол көрші тұратын Роуз Бирн болатын.

Жаңа трейлерде фильм хикаясына жарқындық сыйлайды. Жалпы, Роуз Бирннің шынымен Беатрикс Поттер екендігін растайтын нақты дәлел жоқ. Ол Питерге және басқа да қояндарға қарап жүреді. Бірақ, Роуз Бирн мен қояндардан құтылғысы келетін МакГрегор мырза екеуінің арасында романтикалық байланыс бар. Трейлерден Роуз Бирннің суретші екендігін байқаймыз. Шынайы Беатрикс Поттер де танымал суретші болған, ол өзінің акварельдері арқылы танылған. Сондықтан, бұл фильм Питер қоян хикаясы мен оның авторының шынайы белгілерін араластырып, көрсеткен сияқты.

Қазақстандағы айналымға шығу күні: 2018 жылдың 22 наурызы.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер