È

«Галактика Сақшылары. 2-бөлім» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйледі

«Галактика Сақшылары. 2-бөлім» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйледі

Отандық айналымға қазақ тілінде дыбысталған «Галактика Сақшылары. 2-бөлім» фильмі шықты. Америкалық блокбастердің дубляжы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Болашақ» қоры арқылы жүзеге асты.

«Галактика Сақшылары. 2-бөлім» фильмінің бірнеше дауыста кәсіби дыбысталуы - режиссер Шах-Мұрат Ордабаевтың жетекшілігіндегі топтың шығармашылық еңбегі. Ғарыш оқиғасын баяндайтын фильмнің екінші бөлімінің кейіпкерлері келесі актерлардың арқасында қазақша сөйледі: Тимур Пиязов - Питер Квилл, Руслан Сенкебаев - Дракс, Бауыржан Қаптагай – Грут Балақай, Гүлназ Әуесбаева - Гамора және Ержан Жарылқасынов - Рокет. Дубляждауға 35 актер атсалысты.

Мамандар голливуд картиналарын дыбыстау оңай еместігін айтып өтті. Негізінен, дубляждың барлық актерлары және олардың дауыстары кинотуынды авторларының келісімімен жүзеге асырылады екен. Екіншіден, мәтінді аудару кезінде де қиындық туындап жатады. Ең маңыздысы, экрандағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, мимикасы кадр сыртында айтылып жатқан сөзге сай болуы тиіс.

Атап өту керек, «Галактика Сақшылары. 2-бөлім» фильмі қазақ тіліне аударылған 19-шы шетелдік таспа болды. Оның алдында көрермен назарына «Моана», «Күлбике», «Батыл жүрек», «Айдаһарлардың әміршісі» және т.б. анимациялық фильмдері дыбысталып, ұсынылған еді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер