Аптадағы тұсаукесерлер: Ерекше әрі батылдар

Экранға бүкіл ұрпақ өсіп-жетілген «Суперотбасы» мультфильмінің жалғасы шығуға дайын. Супербатырлар отбасы жайлы сиквел 14 жылдан кейін қайта жаңғырды! «Эскобар» фильмінде ең беделді колумбиялық есірткі саудасының басшысы рөліндегі Хавьер Бардем және «Естелікке сурет» картинасында қатты қорыққан Санжар Мәди көрермендер үшін қызықты болмақ.

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.05.2018
Мемлекеті: АҚШ, 2018
Режиссері: Брэд Бёрд
Рөлдерде: Холли Хантер, Сара Вауэлл, ХакМилнер, Крэйг Теодор Нельсон
Жанры: мультфильм, фантастика, атыс-шабыс фильмі
Жас шектеуі: 6 жасқа дейін
Зұлымдықты жеңген соң, суперотбасы қоғам назарында жүрді. Кейін, Ерекше ханым күйеуіне қарағанда халық сеніміне көбірек ие болады. Әйелі іссапарда болған кезде, Ерекше мырза үйде отырып, бала тәрбиелеуге мәжбүр. Алайда, жаңа дұшпан пайда болғандықтан, отбасылық мәселелер екінші қатарға ығысады.
Қазақстандағы тұсаукесер: 14.05.2018
Мемлекеті: Ресей, 2018
Режиссері: Антон Зенкович
Рөлдерде: Ирина Темичева, Степан Юрпалов, Анастасия Зенкович, Санжар Мади
Жанры: қорқынышты фильм, триллер
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін
Бір топ жастар қала сыртындағы үйге барады. Алайда, олар жолда апатқа түсіп қалады да, жақын маңнан үй іздей бастайды. Бір тастанды үйді көздері шалып қалып, кейіпкерлер сол жақта көмек күтуді ұйғарады. Олар бөлмелердің бірінен ескі фотоаппарат пен сұмдық суреттерді тауып алады. Суреттердің бірінде өздерінің бұзылған көліктері бейнеленген. Бұл біреудің ащы қалжыңы ма, әлде жігіттерді біреу аңдып жүр ме? Мұның барлығын енді көрермендер анықтайды.

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.05.2018
Мемлекеттері: АҚШ, Ұлыбритания, 2018
Режиссері: Джеймс Окли
Рөлдерде: Мэгги Кью, Паркер Поузи, Элис Ив, Ума Турман, Тим Рот
Жанры: комедия
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін
Ерлі-зайыптылар қауіпті мафияның біріне ірі көлемде ақша қарыз болып қалады. Жағдайды түзеу мақсатында жұп Лос-Анджелеске аттанады да, қарыздардан құтылып, жаңа өмір бастауға септігін тигізетін қымбат әшекейлерді ұрлауды ойлайды. Бірақ, олардың жоспары басынан бастап-ақ секем туғызады.

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.05.2018
Мемлекеттері: Испания, Болгария, АҚШ, 2017
Режиссері: Фернандо Леон Де Араноа
Рөлдерде: Хавьер Бардем, Пенелопа Крус, Питер Сарсгаард, Жульет Рестрепо, Рикардо Ниньо
Жанры: өмірбаян, драма, қылмыстық
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін
Бұл оқиға Пабло Эскобар – колумбиялық есірткі саудагері және саяси қайраткер туралы. Оның тапқан миллиардтары – саясаткерлер, журналистер мен полицейлердің өлімімен байланысты лас кәсібінің нәтижесі. Алайда, бір таң қаларлығы, Эскобар жастар мен кедейлер арасында ерекше танымал болды, көптеген әйелдер оның жүрегінің ханшайымы болуды армандады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін