È

Санжар Мәди «Естелікке сурет» ресейлік хоррорын ұсынды

Санжар Мәди «Естелікке сурет» ресейлік хоррорын ұсынды

Kinopark 8 Moskva-да ресейлік «Естелікке сурет» хоррорының көрсетілімі өтті. Алматылықтар мәскеулік көрермендерді басып озып, басты рөлдердің бірін Санжар Мәди сомдаған фильмді бірінші болып тамашалады. Отандық актер картинаны өзі таныстырып, түсірілім барысы туралы айтып берді.

«Естелікке сурет» фильмі – қоюшы-оператор Антон Зенковичтің режиссерлік дебюті. Тылсым таспаның сюжетінде белгісіз адамдар тобы қала сыртында орналасқан үйге барады. Жолда жігіттер апатқа түсіп қалады. Кейіпкерлер тез арада көліктен шығып, тастанды үйге келеді. Олар бөлменің бірінен көне фотоаппаратты тауып алады. Барлығы суретке түсіруді бастайды, бірақ соңынан сұмдық бір оқиғаға тап болатындарын сезбейді.

Оқиға кейіпкерлерінің бірі, жас фотографты Санжар Мәди сомдады.

«Картинаға түсу туралы ұсыныс «Қорғаушылар» жобасындағы ескі достарымнан түсті. Мен сценарийді оқымай, келесім бердім. Біріншіден, бұл мен үшін жаңа жанр. Екіншіден, авторлар көрермендерді оқыс қимылдармен, сықырмен емес, оқиғаның өзімен қорқытуды көздеді. Көрермендерге жұмысымыз ұнайды деп ойлаймын. Біз бұған өте салмақты қарадық. Жасырмай-ақ қояйын, түсірілім кезінде расында да қорқынышты болды, өйткені арнайы бір иісі бар, торланған тастанды үйде түсірдік. Әрине, суретшілер жиһаз бен түсірілімге арналған қажетті заттарды қосқанын білемін. Ал қалғаны үйдің ішінде болған дүниелер. Ормандағы түнгі түсірілім де қорқынышқа толы болды», - деп бөлісті актер.

Картина 2017 жылдың қарашасында түсірілді. Түсірілім Мәскеу маңында өтті және 20 күнге созылды. Сондай-ақ фильмге Ирина Темичева, Степан Юрпалов, Анастасия Зенкович, Гарик Петросян, Егор Харламов және Софья Зайка түсті.

«Естелікке сурет» таспасы қазақстандық айналымға 14 маусым күні шығады.

Көрсетілім уақытын кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист