È

Санжар Мәди ресейлік «Естелікке сурет» хоррорының трейлерінен бой көрсетті

Санжар Мәди ресейлік «Естелікке сурет» хоррорының трейлерінен бой көрсетті

Желіде Санжар Мәдидің қатысуымен ресейлік «Естелікке сурет» хоррорының трейлері пайда болды. Актер тылсым күштермен арпалысқан фотографты сомдайды.

«Естелікке сурет» картинасы қаладан табиғат аясына жол тартқан достар жайлы баяндайды. Дегенмен, сапарлары сәтті болмады: олар жол апатына ұшырап, бос тұрған үйге түнеуге мәжбүр болады. Олар бөлмелердің бірінен қорқынышты суреттер мен ескі фотоаппаратты тауып алады. Бірнеше сурет түсіргеннен кейін, кейіпкерлер қорқынышты жағдайға тап болады.

Бұл Санжар Мәдидің төртінші ресейлік жобасы. Бұдан бұрын ол «Қорғаушылар», «Алтын Орда» және «Саз шұңқыр» фильмдеріне түскен болатын.

Айта кетейік, бұл актердің қорқынышты фильм жанрындағы алғашқы жобасы.

Фильм режиссері - Антон Зенкевич. Сондай-ақ, картинаға Ирина Темичева, Степан Юрпалов, Анастасия Зенкович және Гарик Петросян түсті.

«Естелікке сурет» фильмінің көрсетілімі 2018 жылдың 14 маусымына белгіленген.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер