È

Санжар Мәди ресейлік «Саз шұңқыр» драмасының түсірілімі жайында айтып берді

Санжар Мәди ресейлік «Саз шұңқыр» драмасының түсірілімі жайында айтып берді

Санжар Мәди Вера Глаголеваның «Саз шұңқыр» ресейлік драмасына түсті. Актер үшін аталмыш картина үшінші ресейлік жоба болды. Алдыңғылары - Сарик Андреасянның «Қорғаушылар» фильмі және Тимур Алпатовтың «Алтын Орда» хикаясы.

Авторлар басты ер азамат рөліне арналған әртістерді ұзақ іздеген. Кастингке барлық жерден актерларды шақырды. Ақыр соңында, басты рөл Санжар Мәдиге бұйырды. Ол ресейдің бір шеткі жағында тұратын Рустамды сомдады. Сол жақта азамат Галямен, кейіннен оның сіңлісі Милкамен танысады. Жігіт Галямен жүріп жүреді де, үйленуді жоспарлайды. Бірақ, кенеттен Милкада басты кейіпкерге деген сезім оянады.

«Саз балшық» фильмінің түсірілімінен сурет

«Менің білуімше, актерді тек Ресейден ғана емес, бүкіл ТМД елдерінен іздеген. Ақыры, жоба продюсерлері маған хабарласты. Менің басты рөлге бекітілгенімді айтқанда, қатты қуандым. Өйткені, «Саз шұңқыр» - көптеген әртістер бірге жұмыс істеуді армандайтын режиссер Вера Глаголеваның картинасы. Фильм драмалық негізге құрылған. Маған ұнағаны, фильмде айтарлықтай бір жағымды кейіпкер жоқ. Біз киноның ақ пен қарасын көріп үйрендік қой. Бірақ, аталмыш картинада мұндай шектеу жоқ. Кейіпкерім – Ресейдің шеткі жағында тұратын Орта Азияның тумасы. Ол жергілікті тұрғындармен тіл табыса алмайды. Үнемі басы дауға қалып жүреді. Оның үстіне, оның ойы өзгелерден бөлек»,-деп бөлісті Санжар Мәди.

Отандасымыз Ресей Халық әртісі Татьяна Владимировамен және Анна Капалева, Лилия Волкова мен Дмитрий Кривочуров сынды актерлармен бір алаңда жұмыс істегеніне қуанышты екендігін жеткізді.

«Саз балшық» картинасын биылғы көктемде Ресейдің Алексин қаласында түсірген. Авторлар кинотаспаның кейбір көріністерін Қазақстанда түсіруді жоспарлап отыр. Санжар Мәдидің айтуынша, олар биылғы жылдың қыркүйек айында келмек.

 

 

Превью: Арнай Ормаш

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 шілде 2017, 13:15

Думаю Санжар рвется в Голливуд. Это ему надо. Он сделает это. Давай вперед.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер