Санжар Мәди «Глиняная яма» ресей фильмінде басты рөлге ие болды
Отандық актер Санжар Мәди ресейлік режиссер Вера Глаголеваның «Глиняная яма» фильміне түсуде. Актерға басты рөлді сеніп тапсырды. Картина түсірілімі басталып, Ресейде, Туль облысында өтіп жатыр.
«Глиняная яма» фильмі осы аттас театралды пьесаны негізге ала отырып, ұлтаралық қатынастар және махаббат пен отбасы туралы баяндайды. Әлеуметтік драманың бас кейіпкерлері – ауыл тектес қалашықтың тұрғындары, әпкелі-сіңлілі Галя мен Милка. Галя күйеуі қайтыс болған соң, Орта Азиядан шыққан Рустамды кезіктіреді де, сол жігітпен некелесуді ойлайды. Алайда, қыздың анасы отбасыларына жаңа адамның келуін құптамайды. Осы тұста оқиға одан әрі өршелене түседі, өйткені шетелдікке Милка да ғашық бола бастайды.

Авторлар әйелдер сомдайтын басты рөлге актерларды жылдам тауыпты. Ал Рустамның рөліне лайықты адамды ұзақ қарастырған. Актерді алғашында Ресейден, кейінен Қазақстаннан іздеген. Режиссердің айтуынша, олар азиаттық Марлон Брандоны қалапты. Нәтижесінде, олардың таңдауы Санжар Мәдиге түскен.
Еске сала кетсек, биылғы жылы көрермендерге қазақстандық актер басты рөлдердің бірін сомдаған «Защитники» фильмі ұсынылған. Сондай-ақ, Санжар «Алтын Орда» ресейлік хикаяның түсіріліміне қатысқан.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін