È

«Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмі қазақ тіліне дубляждалды

«Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмі қазақ тіліне дубляждалды. Қазақстан киносы

6 шілде күні отандық айналымға осы жаздың ең көп күтілген фильмі - «Өрмекші адам. Қайта оралу» картинасы шығады. «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Marvin» компаниясының арқасында франшизаның жаңа бөлімі көрермендерге қазақ тілінде көрсетілетін болды. «Өрмекші адам. Қайта оралу» Питер Паркер туралы қазақ тіліне дубляждалған үшінші фильм болып табылады.

«Өрмекші адам: Қайта оралу» фильмі Питер Паркердің әлемдік Marvel-дің кейіпкерлерімен танысқаннан кейінгі хикаясын баяндайды. Жігіт туған қаласына оралғаннан соң бұрынғы қалыпта өмір сүргісі келеді. Осы уақытта Құзғын қала мен оның тұрғындарына қатысты жаңа қауіп ойлап табады.

Кинотаспа - «Sony Pictures» пен «Marvel» киностудияларының біріккен жобасы. Картинаның «Rotten Tomatoes» танымал сыншылар сайтындағы рейтингі 92%-ды құрайды, ал «Metacritic» сайтында Өрмекші адамның жаңа оқиғалары 100 баллдан 72 баллға бағаланған.

«Өрмекші адам: Қайта оралу» фильмінен көрініс

Басты кейіпкер Питер Паркер Заңғар Әбеновтың дауысымен сөйлейді. Құзғынды Асылбек Капаев, Тони Старкты - Нұркен Өтеуілов, Мэйді - Айнұр Бермұхамбетова дыбыстайды. Кейіпкерлерге барлығы 24 актер өз дауыстарын сыйлады.

Таспаның дубляжын Шах-Мұрат Ордабаевқа сеніп тапсырды. Картина қазақ тіліне аударылып, дыбысталған 21-жоба болып табылады. Алдыңғы фильмдер: «Галактика сақшылары. 2 бөлім», «Моана», «Күлбике», «Қара киімді адамдар», «Ормандар кітабы».

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер