È

«Золушка» фильмінің қазақ тіліндегі телекөрсетілімі

«Золушка» фильмінің  қазақ тіліндегі телекөрсетілімі

8 наурых Әйелдер мерекесі қарсаңында «Қазақстан» «Золушка» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі. Ертегі «Болашақ» ассоциациясының мемлекеттік тілге дубляж жасаған оныншы жұмысы. Олардың арасында: «Корпорация монстров», «Университет монстров», «Тачки 2», «Алиса в Зазеркалье», «Храбрая сердцем», «Моана» және басқалар бар.

«Золушка» фильмі - Шарль Перроның осыдан 300 жыл бұрын жазған ертегісінің экранизациясы. Сиқырлы оқиғаны ең алғаш 1950 жылы «Дисней» компаниясы көрсетті. Араға ондаған жылдар салып, студия тағы қайталауды жөн көріпті. Картина Англияда Pinewood Studios студиясында режиссер Кеннет Бранның жетекшілігімен түсірілді.

Атақты ертегінің кейіпкерлері келесі актерлердің дауысымен қазақша сөйлейді: Айнұр Бермұхамбетова, Күнсұлу Шаяхметова, Тимур Пиязов және Сәуле Тұрдаханова. Дубляждың режиссеры Айжан Жамшитова.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қазақ тілі «Дисней» студиясының 38-інші ресми тілі деп танылды.

«Золушка» фантастикалық ертегісінің қазақ тіліндегі көрсетілімі 8 наурызда 16:30-да «Қазақстан» арнасында.

 

Александра Терпиловская

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

7 наурыз 2017, 21:46

Кстати Золушка по казахский будет Күлбике, ну это просто инфа для тех кому интересно

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер