È

Көшбасшы жолы

Көшбасшы жолы

Басты рөлді қазақстандық белгілі актер Берік Айтжанов ойнады. Оның рөлге еніп кеткен соншалық, оны нағыз президент ретінде қабылдайсың. Сөйлеу мәнері де, көзқарасы да, дауысы да Елбасыға қатты ұқсайды. Жалпы актерлық құрамның еңбектері ерен.

Мұның алдындағы бөлімдерде басты рөлде халықтың сүйіктісі Нұрлан Әлімжан ойнаған болатын. Ал режиссер ретінде Рүстем Әбдірашев еңбектенген. Алайда «Қазақ елі» жобасынан босай алмағандықтан белгілі режиссер мен актер де түсірілімге қатыса алмады.

Эпопеяның қорытынды бөлімін ресейлік қоюшы-режиссер Сергей Снежкин түсірді. Режиссер өзінің қайталанбас стилін көрсете білді – түсірілім алаңында актерлер шынайы сезімді бастарынан кешірді, эмоциялары айқын көрініп тұрді. Фильмнің желісі өте қызықты, көрермен бірде мемелкет басышысының балалық шағына, бірде кеңес заманына, бірде қазіргі заманға түсіп кеткендей әсер алады, сюжет дами түседі. Сюжет бойынша ағылшын тілшісі Уилсон (британдық актер Хью Фрейзер) ұлт көшбасшысынан сұқбат алу үшін арнайы келеді. Сұқбат барысында Назарбаев өмірінің ең маңызды сәттерін әңгімелеп береді. Өте қонақжай Нұрсұлтан Әбішұлы қонақты жақсы қабылдайды. Картинада президент басқа қырынан танылады: ол қандай әке, қандай жар, қандай дос? Ол өзінің ойымен, уайымдарымен бөліседі. Уилсонның сенім туралы сұрағына ол өзі де «сенімнің баласы» екенін айта келіп, өзінің дүниеге қалай келгені туралы, ата-анасы жайлы әңгімелеп береді.

Президентті тек мемлекеттің ғана тағдыры емес, отбасылық құндылықтар да алаңдатады. Ол жұбайымен кеңеседі, қыздарына қамқорлық танытады.

Фильмнің басқа да кейіпкерлері өздерінің колориттілігіне қарамастан өте қарапайым, Михаил Сергеевич Горбачев (Игорь Угольников) өте дана, мықты адам ретінде суреттелген. Ельциннің (Алексей Гуськов) айтуынша, елді оның өзі емес, әйелі басқарады. Борис Николаевич беделділерді мойындай бермейтін, ештеңеден қорықпайтын, ерікті адам ретінде көрсетілген. Дінмұхамед Қонаев (Алдабек Шалбаев) өзінің орнын басқа біреу алып ала ма деп қорқады. Фильмде олар біз елестеткендей адамдар емес. Кеңес одағы ыдыраған кезеңде дүниеге келген біздер үшін сол күрделі кезеңнің шын мәнінде қандай болғанын талқылау өте қиын. Өйткені біз сол кездегі трагедиялық оқиғалардың куәгері болған жоқпыз. Тарихты жазып жатқан да біз емес. Алайда сол кездегі оқиғалардың рас-өтірігін нақты айта алатын адамдар әлі де тірі. Олар өмірден өткенде не болмақ? Тарихи фактілерді кім дәлелдейді? Фильмдер ме? Кітаптар ма?

Картина биаграфиялық саяси драма деп айтылғанмен, онда күлкілі сәттер жиі кездеседі. Әсіресе, президенттің тілшіні өзінің бала кезіндегі достарымен таныстырған сәті өте қызық. Қазақ халқынан шыққан өкілдер, көңілді әрі әзілқой типаждар қатты ұнады. Олардың бәрі қарапайым адамдар, өте ашық-жарқын жандар қонақтың көңілін аулау үшін домбырада ойнайды. Тіпті ағылшын әнін шырқады. Тек тілші ғанан емес, залда отырған көрермен күлкіге қарқ болды.

Дариға Назарбаеваның (Қарлығаш Мұхамеджанова) қызыл көйлек киіп, концерт залында Эдит Пиафтың әнін орындауы, ал Нұрсұлтан Әбішұлының Ли (қытай актерінің орындауында) мырзамен әңгімелесіп отырған көрінісі де ұнады. Ли мырза өзінің шығыс даналығымен Қазақстанды жаңа туған нәрестеге ұқсатады, кішкентай сәби абайсызда өзіне өзі зиян келтіріп алуы мүмкін. Сондықтан президент ата-ана секілді жас мемлекетке қамқорлық жасауы тиіс. Фильмде біздің еліміздің жақсы достары бар екені, қажет кезде олардың кеңес беретіні көрсетілген.

Операторлық жұмыс өте жоғары деңгейде, картина әдемі шыққан. Көктен түсірілген сұлу көріністер, Отанымыздың тамаша табиғаты көз тартады. Қыруар жұмыс жасалған, ұсақ-түйекке дейін ескерілген. Бірақ аздап шұбалаңқы. Президенттің тұрмысын, әйелі мен қыздарын көбірек көргің келеді.

Президентті қарсы алған кездегі щахтерлердің қатты кірлеген беттері әсре сілтеп жіберілгендей әсер қалдырды. Жалпы алғанда фильм патриоттыққа, Қазақстан мен Елбасына деген махаббат пен адалдыққа тұнып тұр.

 

Киноға барған Күнжан Орманбетова

Аударған Айнұр Сенбаева

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

22 Апреля, 2016

Елбасы туралы фильмнің постері жарияланды

«Так сложились звезды» деп аталатын фильмнің постер жарияланды: Картинаның режиссеры Сергей Снежкин. Креативті продсері Фархат Абдраимов.  Отандық тарихи кинолента келесі аптада, 28 сәуірде прокатқа шығады.

Айнур

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер