È

Геннадий Балаев

Фильмография рейтингі :

7.24 (2 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Балаев Геннадий Николаевич – театр және кино актері

    1940 жылы 24 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Самарқанд мемлекеттік музыкалық училищесін бітірген (1961), музыкалық балалар мектебінің оқытушысы, концертмейстер, пианист;

    Ташкент мемлекеттік театр және кино институтының Самарқандтағы филиалы (1962),театр және кино актері; Ташкент мемлекеттік консерваториясының фортепиано сыныбының үш курсын бітірген. 1962 жылдан қазіргі уақытқа дейін - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі.

    Қойылымдардағы рөлдері: «Тұңғиықта» (Актер), «Ол өлім аузында жатқанда» (Игорь), «Танго» (Стомиль), «Шапалақ жегендер» (Біреу), «Мейірімді күшікті жақсы адамдарға беремін» (Гриша), «Лир патша» (Герцог Бургунд­ский), «Кречинскийдің үйленуі» (Кречинский), «Кин IV» (Кин).

    Кинодағы рөлдері: «Қоңырау шалу» (капитан Лунин), «Шоқан Уәлиханов» (кадет корпустың басшысы) – «Мосфильм» кино­студиясы, «Толобайки» әзіл бағдарламасы, «Груз 001» фильмі - «Қазақфильм» студиясы.

    Одақ киноактерларының хатшысы ( 1992 ж.).

    ҚР еңбек сіңірген әртісі.

    «Ерен еңбегi үшiн» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001)медальдарымен марапатталған. ҚР президентінің алғыс хатымен марапатталған. 

     

    Фильмдегі рөлдері:

    • Бүкіл әлем аяғымыздың астында / Весь мир у наших ног (2012)
    • 25-ші километр / 25-й километр (хикая, 2012-2013) - Цукерман
    • Уранды дауыл / Урановый тайфун (2011)
    • Шегіртке / Саранча (хикая, 2001-2003) - ұры
    • Ұмытпаймын, кешірмеймін / Мне не забыть, не простить (1990)
    • Адамды қабылдаңыздар! / Примите Адама! (1984)
    • Шоқан Уәлиханов / Чокан Валиханов (кіші көлемді хикая, 1983, 1984) - генерал Дубельт / Кучковский
    • Түгендеу / Перекличка (1965) - эпизод

     

    Театрдағы рөлдері:

    • Кардинал Вулси – «Королевские игры» / «Патша ойындары», Г. Горин
    • Актёр – «На дне» / Тұңғиықта, М. Горький 
    • Игорь – «Пока она умирала» / «Ол өлім аузында жатқанда»», Н. Птушкина
    • Стомиль – «Танго», С. Мрожек 
    • Біреу – «Тот, который получает пощечины» / «Шапалақ жеген», Л. Андреев
  • Жыл Фильмнің атауы
    2011 Уранды дауыл Актер
    2015 Бүкіл әлем аяғымыздың астында Актер

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06