È

Гүлнар Сәрсенова

Фильмография рейтингі :

6.26 (4 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Гүлнар  Болатқызы Сәрсенова - кинопродюсер.

    1961 жылы 6 тамызда дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институтының «Кино режиссері» факультетін оқыды, КСРО кино режиссері Татьяна Михайловна Лиознованың тәжірибесінен өтті.

    АҚШ-тың Феникс қаласындағы университетте қосымша кәсіби білім алды. Философия ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық дисссертациясының тақырыбы телевидение саласына бағытталған.16 жылдай бизнес-құрылыммен жұмыс істеді. Ол «Француз үйі» сәнді сауда желісінің негізін қалаушы.Танымал «Жаңа буын» газетінің және«Revue» журналының негізін қалаушы. Кәсіп саласындағы еңбегі үшін Бонапарт француз медалімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2004 жылы Ресей, Америка және Еуропадағы жетекші студиялармен халықаралық кинофестивальдер өткізетін «Eurasia film production» кинокомпаниясын құрды.

    Пусанда өткен халықаралық кинофестивальде «Азиияның үздік кинематографисті» жүлдесін иеленді және осы жылы режиссер Сергей Бодровтың «Моңғол» фильмімен «Оскардың» номинациясын иеленді (2008).

    2005-2008 жылдары халықаралық «Евразия» кинофестивалінің ұйымдастырушысы және бас директоры болды (Астана). 2010 жылы екінші Қазақстан-Американдық кинофестивалінің бас директоры болған (Алматы).

     

    Жобалары:

    2007  Моңғол («Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымын жеңіп алды, 2007;  Үздік фильм, үздік режиссура, үздік операторлық жұмыс, үздік дыбыс, үздік костюмдер марапаттарын иеленді).  

    2008 Қызғалдақ (61-ші Канн фестивалі— «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша гран-при, жас әділ-қазылар сыйлығы, Франция білім бөлімінің сыйлығы; Азия-Тынық мұхиттық аймағы сыйлығы - Asia Pacific Screen Awards «Үздік толықметражды фильм»; 21-ші Токиолық халықаралық  кинофестиваль — Гран-при (Tokyo Sakura Grand Prix), Үздік режиссура сыйлығы, 2008; 52-ші Times BFI London кинофестивалі — Гран При (Sutherland Trophy); 37-ші Монреалдағы кинофестиваль — Гран-при (Louvre d' Or) 2008; Кинокартина бүкіл әлем бойынша 2008-2009 жылдары Халықаралық фестивальдерден 53 марапатты иеленді).

    2008 Ертегі сауда базары| TheMarket (Германия, Түркия, Ұлыбритания, Қазақстан) – 52-ші Лондон кинофестивалінің қатысушысы; «Үздік фильм» жүлдесі, «Үздік  сценарий», Үздік актер», «Үздік костюмдер». 45-ші «Алтын Апельсин» кинофестивалінде; Гамбург киносыншыларының тарапынан марапатталған. Локарнодағы фестивальде – «Үздік актер» аталымы бойынша «Күміс  жолбарыс» иегері.

    2008 Періштеге хат / Письма к ангелу

    2009 Электр тұманында / В электрическом тумане (Берлиндік халықаралық фестиваль,  «Алтын аю» иегері)

    2010 Астана-махаббатым менің / Астана — любовь моя (хикая)

    2011 Байқоңыр / Байконур – қосымша продюсер

    2013 Параллель әлемдер / Параллельные миры

    2014 Дала дауысы / Голос степей 

     

    Сценарист:

    2010 – Періштеге хат / Письма к ангелу 

     

    Продюсер:

    2013 – Параллель әлемдер / Параллельные миры (Қазақстан, Ресей)

    2012 - Байқоңыр | Baikonur (Германия, Ресей)

    2010 – Періштеге хат / Письма к ангелу (Қазақстан)

    2010 – Астана-махаббатым менің / Астана – любовь моя (Қазақстан, Түркия)

    2007 - Монғол (Ресей, Қазақстан, Германия)

  • Жыл Фильмнің атауы
    2008 Қызғалдақ Продюсер
    2010 Астана – махаббатым менің Продюсер
    2011 Байқоңыр Продюсер
    2013 Параллель әлемдер Продюсер

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06