È

Жерар Депардье

Фильмография рейтингі :

6.07 (2 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Жерар Ксавьер Марсель Депардье (Gérard Xavier Marcel Depardieu) - француз актері.

    1948 жылы 27 желтоқсанда Париж бен Тулузаны байланыстыратын Орлеанның оңтүстігіндегі Шатор қаласында дүниеге келген.

     

    Жерар Депардьё — отбасында 6 баланың үшіншісі.

    Ш.Дюллена драмалық өнер курсын және Ж.Л.Коше драмалық өнер мектебін бітіргеннен кейін «Cafe de la Gare»  әуеқой топта ойнады, серіктесі - Патрик Деваэр.

    Жерарды режиссер Бертран Bлие байқап қалып,  «Вальсирующие» картинасына шақырады. Фильм 1974 жылдың ең даулы картинасына айналады. Зерттеу нәтижесінде, бұл картина сыншылар тарапынан жетпісінші жылдардағы басты туындылардың бірі ретінде мойындалған  (5,5 миллион адам көрген фильм). Депардье мансабы өрлей бастады. Ол «Венсан, Франсуа, Поль және басқалар» (1974) фильмінде «Халықтан шыққан ұл», «Жерминаль» Золя романы желісінде (1993) және Бернард Бертолуччидің  «Жиырмасыншы ғасыр»  фильміндегі шаруа көтерілісінің қолбасшысын сомдады. Қауіпті рөлдерді «Өлтіруші» (1971), «Жылдам көлеңкелерді түсіру» (1972), «Мен оны жақсы көремін, айтыңыздаршы» (1977) «Барокко» (1976) фильмдерінде ойнады.

    80-жылдардың ортасына қарай актер психологиялық рөлдерді ойнай бастады («Күн астындағы шайтандар», 1987). Депардьенің Франсуа Трюффомен кездесуі оның «Соңғы метро» (1980) және «Көрші» (1981) фильмдеріндегі ең үздік рөлдеріне жол ашты.  

    Жерар Депардьенің типажы Голливуд фильмдерінде де жетерлік: 1990 жылы «Өмір сүру көріністері» лирикалық комедиясына Энди Макдауэлмен бірге түседі, содан кейін «Менің әкем -менің қаһарманым» (1994) француз фильміне түседі. «1942. Жұмақты жаулап алу» (1992) эпикалық фильмінде Колумтың рөлін, Вупи Голдбергпен («Богус», 1996) ойнайды. Ол «Гамлетте» Рейнальдоның, «Темір бейнесіндегі адам» фильмінде Портостың рөлін сомдайды.

    Жалпы, 250-ге жуық рөлдерде ойнады.

    «Тарфюмді»(1984) қойып, өзін режиссерлік жағынан сынап көрді. Одан бөлек, актер өз орындауындағы әндерді дискіге шығарды, ал оның жүзімдерінен жасалған шарапты бүкіл әлем біледі.

     

    Театрдағы рөлдері:

    1968-1969 – «Бұзақы жігіттер» / «Парни из банды», Март Краули және Бернар Жикель. Қойылым: Жан-Лоран Коше. VII Эдуард театры.

    1970 – «Сорпамдағы қыз» / «Девушка в моем супе», Теренс Фрисби. Қойылымы: Раймон Руло. Мадлен театры.

    1971 – «Галапагостар», Жан Шатене. Қойылым: Жан Шатене. Мадлен театры.

    1972 – «Құтқарылған» / «Спасенный», Эдвард Бонд. Қойылым: Клод Режи. Шайо Ұлттық театры.

    1972 – «Үй» / «Дом», Дэвид Стори. Қойылым: Клод Режи. Эспас Пьер Карден.

    1972 – «Исма», Натали Саррот. Қойылым: Клод Режи. Эспас Пьер Карден.

    1973 – «Исаак», Мануэль Пуиг. Қойылым: Клод Режи. Эспас Пьер Карден.

    1974 – «Констанс өзеніне серуен» / «Прогулка к озеру Констанс», Петер Хандке. Қойылым: Клод Режи. Эспас Пьер Карден.

    1977 - «Ақылсыздар өледі» / «Неразумные вымирают» Петер Хандке. Қойылым: Клод Режи. Нантерр орталық театры.

    1983 – «Тартюф», Мольер. Қойылым: Жак Лассаль. Страсбурга ұлттық театры.

    1996 – «Солдаттың тарихы», Игорь Стравинский.

    1999 – «Көктегі қақпалар» / «Небесные врата», Жак Аттали. Қойылым: Стефан Илель. Париждегі театр.

    2004 – «Жыртқыш аң» / «Зверь в чаще», Генри Джеймс. Маргерит Дюрастың француздық нұсқасы. Қойылым: Жак Лассаль. Мадлен театры.

     

    Марапаттары мен жүлделері:

    1973 – Жерар Филиптің Гран-приі.

    1981, 1991 – «Сезар», Франция сыйлығы

    1982 -  «Жылдың үздік актері» аталымы. Америка сыншылары қауымдастығы.

    1983 – Киностудия жұмысшылары қауымдастығының шығармашылық және кинодағы мансап бойынша жүлдесі

    1985 – «Өнер мен әдебиеттегі еңбегі» үшін ордені

    1989 – Британ  кино  институтының құрметті азаматы

    1990 – Канн ХКФ жүлдесі – үздік актер

    1990 – «1980-1990 жылдардағы үздік шетелдік актер», америка сыншылары ұсынған

     

    «Алтын глобус» жүлдесі (1990): Үздік актер, комедия / мюзикл («Жасыл карта»)


    1995 – Монреал, Канадада өткен фестивальде Гран-при

    1996 – «Алтын  камера» жүлдесі

    1996 – Құрметті легион ордені

    1997 – «Алтын арыстан» 54-ші Венециандық фестивалде Рудольфа Валентино жүлдесі

    1999 – «7 d'Or» жүлдесі, Франция

    2000 - Верондағы кинофестивальде «Үздік актер», Италия

    2002 - Квебек ұлттық ордені

    2006 – Мәскеу ХКФ-де Станиславский жүлдесі

    2007 – Люмьер жүлдесі, Франция

    2011 – Алтын жұлдыз / Étoile d'Or (Франция)

  • Жыл Фильмнің атауы
    2010 Күтпеген махаббат Актер
    2012 Менің күнәлі періштем Актер

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мадина Калиоллаева

14 қазан 2014, 06:15

здраствуйте)

Болат Кисамбаев

9 тамыз 2017, 12:07

приветствую тоже)

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06