È

Шарипа Оразбаева

Фильмография рейтингі :

6.88 (2 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Өмірбаян:

    Шарипа Оразбаева 2010 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «Кино режиссурасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жанындағы «Кино және ТВ режиссурасы» мамандығы бойынша грузин режиссері И. М. Квирикадзенің шеберлігінде «Режиссерлардың жоғары курсын» бітірген. 2013 жылы Лиссабонда (Португалия, 2012) фильм түсіру мен технологиясын үйрену бойынша халықаралық тәжірибеден өтеді. Халықаралық қысқаметражды кинофестивальдердің лауреаты атанған бірнеше қысқаметражды фильмдер түсірген. ҚР Тұңғыш Президенті шәкіртақысына ие болған (2009), Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның PhD докторанты.

     

    Кино саласы:

    1. «Картоп жегіштер», Қазақстан 2016; Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің Гран-при иегері, «Еуразия - 2016» ХКФ қатысушысы, Чилидегі ХКФ-нің қатысушысы, Reggio Film festival 2016 (Италия) ХКФ қатысушысы.

    2. «Эго» 15 мин, Қазақстан 2014, «FlEXiff» 2014 кинофестивалінің қатысушысы, Аустралия. 8th Athens International Short Film Festival Psarokokalo кинофестивалінің қатысушысы, Греция, 2014.

    3.«Мими», 25 мин. 2013, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ.

    4. «Boomerang», Португалия-Қазақстан, 2013, 15 мин.

    5. «Бастау», Қазақстан, 2012, 10 мин. 2013 жылғы Канн кинофестивалінің «Short film corner» бағдарламасының қатысушысы (Франция, Канн). Авторлық кино кинофестивалінің қатысушысы - 2013 (Қырғызстан, Бішкек). «No Time Left festival» кинофестивалінің қатысушысы 2013 (Франция, Париж). «Бұл Менмін» кинофестивалі 2014 (Ереван, Армения) «Үздік фильм» үшін жүлделі болған. «Encounter» 2014 кинофестивалінің қатысушысы (Ұлыбритания, Бристоль). «Ақбозат» кинофестивалінің қатысушысы 2014 (Башқұртстан, Уфа). «8th Varesh Int’l Filmfestival» кинофестивалі 2015 (Иран) «Үздік тәжірибелік фильм» үшін жүлдеге ие болған.

  • Жыл Фильмнің атауы
    2013 Мими Режиссер
    2016 Картоп жегіштер Режиссер
  • Сұқбат

    24 Тамыз, 2019

    Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

    І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Пролетая над ласточкиным гнездом

Nestled in the heart of the city, Adessobistro is a charming coffee shop that offers a warm and inviting...

adessobistro Coffee

30 Маусым 12:40

Едоки картофеля

Cупер!

ivan.dalmatov.88

09 Февраля, 2025

КарЛАГ в Бильбао: начало съемок казахстано-испанского фильма для Netflix

Liga788 serves as a specializing in comprehensive coverage of sports events.

songakare

26 Января, 2025