Тимур Бекмамбетов
-
Кәсібі
Режиссер, Сценарист, Продюсер
-
Туған күні
25.06.1961
-
Туған жері
Гурьев (Атырау) Қазақстан
-
Рост
1.68 м
-
Жанрлар
-
Тимур Нуруахитұлы Бекмамбетов — казақстандық кинорежиссёр, сценарист, продюсер, клипмейкер.
1961 жылы 25 маусымда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген.
Ашхабад маңында артиллерия әскерінде қызмет етіп келген. Әскерден соң 1982 жылы Танкентке көшеді, ол жақта «Өзбекфильм» киностудиясында және «Ильхом» театрында суретші болып жұмыс істейді. Сол уақытта Виктор Вержбицкиймен танысады, кейіннен ол Тимурдың барлық фильмдерінде ойнаған тұрақты актері болады.
1987 жылы А. Островский атындағы Ташкент көркем-театр институтының «театр және кино суретшісі» мамандығын тәмамдап, мансап қуу мақсатында Мәскеуге көшіп кетеді. Ол жақта жарнамалық роликтер шығарумен айналысады (1990). Ресей жарнамасының дамуына айтарлықтай үлес қосады. Ресей жарнама академиясының мүшелігіне қабылданған.
1993 жылы ауған соғысына арналған «Пешаварский вальс» фильмін түсіреді. Картина бірнеше кинофестивальдерде көптеген жүлделерге ие болады.
1994 жылдан бастап — «Империал-фильм» ЖАҚ киностудиясының құрылтайшысы және бас директоры.
1999 жылдан бастап — «Upside Down» компаниясының продюсері әрі режиссері.
1999 жылы «Базелевс Продакшн» компаниясын құрған.
«Astana» Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің негізін қалаушы және Президенті.
Отбасылы. Жары - Варвара Авдюшко (кинопродюсер, костюм бойынша суретші).
Фильмдерге қатысуы:
- 2012 Джентльмены удачи. 40 лет спустя (деректі.)
- 2008 Ирония судьбы Барбары Брыльской. Жалғасы (деректі.)
- 2007 Валерий Золотухин. Очень личное (деректі.)
Режиссер:
- 2014 Ёлки 1914
- 2012 Президент Линкольн: Охотник на вампиров | Abraham Lincoln: Vampire Hunter (АҚШ)
- 2010 Ёлки (киноальманах)
- 2008 Особо опасен | Wanted (Германия, АҚШ)
- 2007 Ирония судьбы. Продолжение
- 2005 Дневной Дозор | Day Watch
- 2004 Ночной Дозор | Night Watch
- 2002 ГАЗ - русские машины (деректі.)
- 2001 Гладиатрикс | The Arena (Ресей, АҚШ)
- 2000 Наши 90-е (мини-хикая)
- 1994 Пешаварский вальс | Escape from Afghanistan
Сценарист:
- 2011 Ёлки-2 (киноальманах)
- 2010 Ёлки (киноальманах)
- 2007 Ирония судьбы. Жалғасы
- 2005 Дневной Дозор | Day Watch
- 2004 Ночной Дозор | Night Watch
- 1994 Пешаварский вальс | Escape from Afghanistan
Суретші:
- 1987 Перед большой дорогой на войну
Продюсер:
- 2016 Время первых (өндірісте)
- 2015 Драконы (өндірісте)
- 2015 Хардкор | Hardcore
- 2014 Убрать из друзей | Unfriended (АҚШ)
- 2014 Снежная королева 2: Перезаморозка | Snow Queen 2: The Snow King (аним.)
- 2014 Ёлки лохматые
- 2014 Ёлки 1914
- 2014 День дурака
- 2014 Горько 2
- 2014 Битва за иммунитет (деректі.)
- 2013 Игра в правду
- 2013 Ёлки 3 (киноальманах)
- 2013 Горько!
- 2012 Президент Линкольн: Охотник на вампиров | Abraham Lincoln: Vampire Hunter (АҚШ)
- 2012 Джентльмены, удачи!
- 2011 Фантом | The Darkest Hour (АҚШ)
- 2011 Смешарики. Начало (аним.)
- 2011 Ёлки-2 (киноальманах)
- 2011 Аполлон 18 | Apollo 18 (Канада, АҚШ)
- 2010 Ёлки (киноальманах)
- 2010 Выкрутасы
- 2009 Чёрная молния
- 2009 9 | Nine (АҚШ, аним.)
- 2007 Ирония судьбы. Жалғасы
- 2007 Громовы. Дом надежды
- 2006 Громовы
- 2002 ГАЗ - русские машины (деректі.)
- 2000 Наши 90-е (мини-хикая)
- 1994 Пешаварский вальс | Escape from Afghanistan
Жүлделері:
- «Святая Анна» жүлдесі үшін студенттік жұмыстар конкурсы (Бірінші жүлдесі, фильм «Пешаварский вальс», 1994)
- МКФ авторского фильма в Сан-Ремода өткен Халықаралық авторлық фильмдер кинофестивалі (Гран-при, «Пешаварский вальс» фильмі, 1994)
- Карловы Варыда өткен Халықаралық кинофестиваль (Ең үздік режиссерлік жұмысы үшін, «Пешаварский вальс» фильмі, 1994)
- Карловы Варыда өткен Халықаралық кинофестиваль (Актерлік ансамбльге әділқазы мүшелерінің арнайы дерегі, «Пешаварский вальс» фильмі, 1994)
- Сочидегі кинофестиваль (FIPRESCI арнайы дерегі, «Пешаварский вальс» фильмі, 1994)
- «Имиджді жарнама» санаты бойынша жүлде және Гран-при («Альфа-банк-3», «День рождения») IV Халықаралық жарнама фестивалі (Мәскеу, 1994)
- Имиджді жарнаманың үздік бөлімі («Всемирная история, Банк Империал») Словенияда өткен Жаңа Еуропа фестивалі (1994)
- «Имидж» номинациясы бойынша «Золотой кипарис» («Александр Македонский» ролигі үшін) жарнамалық фильмдерінің II Халықаралық «Кипарис» фестивалі (Ялта, 1994)
- «Зеленое яблоко — золотой листок» жүлдесі (Үздік режиссерлік жұмысы үшін, «Пешаварский вальс» фильмі, 1996)
- «Зеленое яблоко — золотой листок» жүлдесі (Үздік жас продюсер, «Пешаварский вальс» фильмі, 1996)
- «Блокбастер» сыйлығы (Ең үздік ресейлік кассалық фильм үшін, «Дневной Дозор», 2006)
- Платиналы Тарлан (2004)
- Достық Ордені — көпжылдық шығармашылық тәжірибесі үшін мен отандық кинематографиялық өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін (22 маусым 2011)
- «Жылдың үздік шетелдік режиссёрі» үшін CinemaCon жүлдесі (Лас-Вегас, 2012)
-
Жыл Фильмнің атауы -
-
«Алғашқылар дәуірі» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж
Алматыға продюсер Тимур Бекмамбетов пен режиссер Дмитрий Киселев келді
-
-
• Т. Бекмамбетов өзінің кинематографиядағы шығармашылық түп-тамырын былай айқындайды: «Маған адамдарды қорқытқан ұнайды, американдықтар бұл салада әлдеқайда тәжірибелі. Бірақ, мен американдық режиссер бола алмайтынымдай, бұл тәжірибені де қайта қайталай алмаймын».
-
•
-
• Әкемнің қаны тамыры сонау Х ғасырдан бастау алатын көне қазақ хандығынан құралған.
-
•
-
• Т. Бекмамбетов өз тағдырын тұрақты түрде Америкамен немесе америкалық кинематографиямен байланыстыруды жоспарламайды. Бір сұхбатында Голливуд туралы «...бұл жәй ұзаққа созылған іссапар ғана. Ол жақта өте қызықты, адамдар көп, ақпараттар да жетерлік, өзіңді-өзің дамытуға мүмкіндіктер де көп, режиссерлік әрі продюсерлікке қатысты қызықты жобалар да жетеді. Маған анимацияның қалай жасалатынын көруге таптырмас мүмкіндік берілді. Мен оны қолдана білдім»,- деген еді.
-
•
-
• Кинотіл құру туралы жоспарымен бөлісті. Кинотіл автоматты түрде компьютер арқылы фильмдердің сценарийі мен мәтіндерді аударуға көмектеседі.
-
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Серик Кошанов
20 января 2018, 15:16Уважаемый Тимур Нуруахитович! О вас, как профессионала своего дела, я знаю больше чем остальных наших отечественных режиссеров. И поэтому хотелось бы поделиться своими мыслями сценария к новому фильму, но не знаю с чего и не знал с кого начать. Если заинтересуетесь новым сценарием, то могу поделиться с вами или с вашим представителем. С уважением Серик. тел./ватцап 8-747-599-47-33
Даник
26 января 2018, 17:58Нағыз талантты режиссер!!!