È

«Алғашқылар дәуірі» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

«Алғашқылар дәуірі» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

Bekmambetov cinema кинотеатрында «Алғашқылар дәуірі» фильмінің жабық көрсетілімі болды. Алматылықтарға картинаны продюсер Тимур Бекмамбетов пен «Черная молния» фильмі және «Джентльмены, удачи!» ремейкі арқылы көпшілікке танымал режиссер Дмитрий Киселев таныстырды.

«Алғашқылар дәуірі» фильмі кеңес кезеңінің ғарышкерлері туралы шынайы оқиғаны баяндайды. 60-жылдары ғарышкерлер Павел Беляев пен оның көмекшісі Алексей Леонов адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа аттанады. Фильмнің арнайы кеңесшісі ғарышкер Алексей Леонов болды. Соның естеліктері арқылы осы фильм сценарийі жазылған.

Тимур Бекмамбетов түсірілім тобының алдында тарихты бұрмаламай, дәл жеткізу жауапкершілігі тұрғандығын жасырмады. Сондықтан, бұл жұмыс 3 жылға созылыпты. Тіпті, осы уақыт аралығында картинаның қоюшы режиссері ауысып, Юрий Быковтың орнына Дмитрий Киселев келген.

КСРО батырларының рөлдерін актерлер Константин Хабенский мен Евгений Миронов сомдаған.

Фоторепортаж с премьеры фильма «Время первых»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер