Дарья Александрова ана атанды
Қазақстандық актриса Дарья Александрова алғаш рет ана бақытына бөленді. Ол жақында жары Денис Литуевке қыз сыйлады. Ата-аналар қыздарына бірден Мия есімін қойды.
Дарья Александрова қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасы арқылы бөліскен.
Сурет: cosmo.kz
«Мен қазір қуанышты жағдайды басымнан өткеріп жүрмін, әлі толық түсіне қоймасам да, қызым үшін тау қопаратынымды білемін. Тұңғышым Мия үшін барлығын да жасаймын. Бұл әлемге қош келдің. Өмірде жақсы адамдар көп, біз әкең екеуіміз сенің жақсы өмір сүруің үшін барымызды саламыз. Бізді таңдағаның үшін рахмет»,-деп жазған болатын жазбасында.
Еске сала кетсек, Дарья мен Денис 2016 жылдың 8 қарашасында отау құрған болатын. Ғашықтардың тойы жақындары мен туыстарының ортасында қарапайым түрде аталып өтті.
Превью: kristal.org.ua
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін