È

Дарья Александрова құпия түрде тұрмысқа шықты

Дарья Александрова құпия түрде тұрмысқа шықты

Қазақстандық актриса Дарья Александрованың әйел мәртебесін иеленгеніне жарты жылға жуық уақыт болыпты. Белгілі болғандай, актриса өткен жылдың қараша айында актер Денис Литуевке («Джокер») тұрмысқа шыққан екен. Бірақ, өміріндегі ең маңызды күн туралы тіс жармауды жөн санапты. Ақыры, өзінің таңдаған жігіті мен тойы жайында Дарья comode.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді:

«Жолдасым менен 13 жас үлкен. Біз мен бармен болып жұмыс істеген мекемеде таныстық. Ол сол кезде бір шараның үйлестірушісі болған. Ол маған бірден ұнап қалды. Танысуды алғаш мен бастағанымен, сол кезде қандай да бір қарым-қатынас жайында ойлаған жоқпын. Маған тек онымен әңгімелескен ұнайтын. Уақыт өте келе, сол жігіттен әкемнің, достарымның, тіпті құрбыларымның мінезін көре бастадым да, жан жарым болатын адам осы шығар деп топшыладым. Ол қарапайым жігіт, бірақ ол Менің Адамым».

Жас жігіт тұрмысқа шығу тұралы ұсынысты Дарьяға екі мәрте жасаған. Бірінші рет бойжеткен «иә» дегенімен, некелесуге бара қоймаған. Екінші және соңғы ұсыныс Санкт-Петербургте жасалды. Дарья ол жаққа диплом қорғау үшін барған болатын. Қос ғашық отанына келе салысымен, АХАЖ бөліміне өтініш берген.

Фото: comode.kz

Дарья мен Денистің көптен күткен тойлары 2016 жылы 8-қарашада өтті. Актрисаның айтуынша, жастар дүркіретіп той жасаудан гөрі, туыстары мен жақын достарының арасында қарапайым ғана салтанатты отырысты құп көрген.

Ал жастардың тойды және отбасылық өмірді неге жасырғысы келгендері туралы Дарья былай деп жауап берді:

«Жолдасым жеке өмірімізді жариялағанды аса ұната қоймайды. Біраз уақыттан бері оның пікірінің дұрыстығына көз жеткізгендеймін. Бақыт тыныштықты сүйеді - бұл шындық. Не дегенмен де, біз үшін әзірге солай болып тұр. Біз бөгде біреулердің көздері мен сөздерінен алыс жүргенді қалаймыз».

Актриса отбасылық өмірдің өзіне жақсы әсер етіп жатқандығын да жасырмады: ол бақытты, өз-өзіне сенімді, ақылды әрі нәзік бола түскен.

 

Превью: comode.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер