È

Make Films компаниясы «Регистратор» комедиясының трейлерін жарыққа шығарды

Make Films компаниясы «Регистратор» комедиясының трейлерін жарыққа шығарды

Make Films компаниясы «Регистратор» комедиясының трейлерін жарыққа шығарды. Фильмге жоба режиссері Мейірхан Шерниязов, сценарий авторлары Медет Аманбаев пен Мейіржан Төребаев түсті.

«Регистратор» сюжетінде кәсіпкердің жеке жүргізушісі бейнеленеді. Ол жұмысын аяқтап, автотұраққа келе жатады. Жолда достарын кездестіріп, оларды жеткізіп тастауды ұйғарады. Бірақ, олардың кездесуінің шытырманға толы оқиғаларға ұласып кететінін кім білген?

«Регистратор» фильмінен көрініс

Сондай-ақ, фильмге Әбунасыр Серіков («Аға ма әлде неке ме»), Еділ Анарбаев («Патруль») және Әзім Саидбаев («Үйленгендер») түсті.

Комедия Алматыда желтоқсанда түсірілді. Авторлардың айтуынша, түсірілім 9 күнге созылған.

«Регистратор» айналымға 20 наурызда шығады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 02:13

Это почти как патруль, но все лучше чем ничего.

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер