È

«Патруль»хикаясының авторлары «Регистратор» комедиясын түсірді

«Патруль» хикаясының авторлары «Регистратор» комедиясын түсірді

20 наурызда отандық кинотеатрларда «Регистратор» комедиясының көрсетілімі басталады. Картина Make Films компаниясының дебюті және Мейірхан Шерниязов, Медет Аманбаев және Мейіржан Төребаев сынды «Патруль» хикаясының авторларымен, танымал актерлармен түсірілген.

«Регистратор» фильмі өте кірпияз кәсіпкердің жүргізушісі болып жұмысқа орналасқан жігіт жайлы баяндайды. Жұмыстың бірінші күні кейіпкерге міндеттелген алғашқы тапсырма - кәсіпкердің көлігін тұраққа қою. Жолда көлік жүргізуші өзін әбігерге салған достарымен кездеседі.

Фильм сценарийін Мейірхан Шерниязов, Медет Аманбаев және Мейіржан Төребаев жазды. Картинаның режиссері - Мейірхан Шерниязов, қоюшы-операторы - Сәбит Семетаев.

«Регистратор» фильмімен екінші оператор ретінде Айдар Оспанов, суретші-қоюшы Ақылбек Ерманов, монтаж режиссері Әнуар Мәтжанов, дыбыс режиссері Денис Коноплев және композитор Александр Шевченко айналысты.

Фильм түсірушілердің айтуынша, көрермендерді қазақстандық кино үшін ерекше форматта түсірілген қызықты комедия күтіп тұр.

Комедияны Алматыда 2017 жылдың желтоқсан айында түсірді. Түсірілім жұмыстары 9 күнге созылды.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

3 февраля 2018, 19:09

Ого, быстро сняли!

Assel Sultanova

26 наурыз 2018, 01:22

Фильм супер!!!На одном дыхании смотришь!!! Спасибо

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист