È

«Патруль» хикаясы үшінші маусымының тұсаукесері

«Патруль» хикаясы үшінші маусымының тұсаукесері

1 қараша күні «НТК» телеарнасынан «Патруль 3» хикаясы көрсетіле бастайды. Үшінші маусым керемет әзілдер мен қызықты оқиғаларға толы болмақ.

«Патруль» көпсериялы комедиясы – полицейлердің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын Bas production компаниясының жобасы. Хикая кейіпкерлері – үнемі жолдары бола бермейтін Серік пен Берік. Әріптестер түрлі оқиғаларға тап болып, мәселені өзіндік әдіспен шешуге тырысады. Авторлардың айтуынша, жаңа маусымда әлеуметтік өткір мәселелер қозғалмақ.

Сценарийімен Марат Оралғазин, Мейірхан Шерниязов, Мейіржан Төребаев, Рүстем Омаров және Медет Аманбаев сынды ситком продюсерлері мен актерларынан құралған топ айналысты.

Ситком жалғасының түсірілімі Алматыда және Қасқелен қаласында өткен. Үшінші маусымның режиссері - Төребек Бейсебаев.

Бірінші бөлімі 1 қараша күні сағат 19:50-де «НТК» арнасынан көрсетіледі. Көрермендерге барлығы 20 бөлім ұсынылмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер