È

Рүстем Омаров «Патруль» хикаясының үшінші маусымы жайында

Рүстем Омаров «Патруль» хикаясының үшінші маусымы жайында

Bas production студиясының шығармашылық тобы «Патруль» хикаясы үшінші маусымының түсірілімін аяқтады. Комедиялық таспа түрлі жағдайларға тап болатын құқық қорғау қызметкерлері туралы баяндайды. Үш маусым бойы басты кейіпкердің бірі Серікті актер әрі сценарист Рүстем Омаров сомдап келеді.

«Кейіпкерім әрдайым дұрыс жолмен жүруге тырысады, серіктесі Берікті де ақылға жүгіндіреді. Тобымыз бірінші және екінші маусымды қорытындылай келе, жаңа деңгейге көтеріліп, кішкентайдан ауқымды мәселелерге көшуді жөн санады. Көрермендерге өткір әлеуметтік мәселелерге арналған бөлімдерді дайындап қойдық. Мысалы, бір бөлім тастанды балаларға арналған. Кейіпкерлер тастанды сәбиді тауып алады да, басшылыққа хабар берместен, аналарын іздеуге өз еріктерімен кіріседі. Үшінші маусымның сценарийімен танысып шыққандардың барлығы оның үздік болатынын айтқан. Ендігі кезекте көрермендердің пікірлерін күтеміз»,-дейді актер.

Ситкомның сценарийімен Марат Оралғазин, Мейірхан Шерниязов, Мейіржан Төребаев, Рүстем Омаров және Медет Аманбаев айналысты.

Жаңа маусым бір ай бойы Алматыда және Қаскелең қаласында түсірілді. Жобаның режиссері - Төребек Бейсебаев, визуалды бөлімімен қоюшы-оператор Дастан Молдабеков («Вузеры») айналысты.

«Патрульдің» үшінші маусымының тұсаукесері қазан айында «НТК» арнасынан кесіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист