È

Жоба туралы

  • Соңғы жылдары қазақстандық кинемотограф қарқынды дамуда. жылдан жылға түсірілетін фильмдердің саны көбейіп келеді, мемлекет қазақстандық кинемотографтың өркендеуіне аса мән беруде. 

    Әрбір түсірілген картина жаңа жұлдыздарды жағады: актерлер мен  продюсерлер, режиссерлер мен  дыбыс операторларының жаңа есімдері пайда бола бастады. Алайда өкінішке орай, көптеген картиналар мен жаңа есімдер осы салаға қандай да бір қатысы бар белгілі бір ортаға ғана танылады. Көптеген отандық фильмдер шетелдерде танылып, халықаралық жүлделерді иеленеді, бірақ өз елімізде назардан тыс қалып жатады.  

    Кеңес заманында түсірілген қазақстандық фильмдердің жағдайы тіпті мәз емес, өйткені оларды кез келген адам тауып көре алмайды, тіпті ғаламторда да жоқ. Ал сол фильмдер біздің тарихымыздың бір парасы емес пе? Сол замандағы фильмдердің арасында талай киносыншыларды мойындатқан туындылар да бар. Осындай фильмдерді ұмыту, жоғалту біздің мәдениетіміз үшін үлкен сын. Сондықтан да біздің осы порталымыз пайда болды. 

    Портал атауының тарихы өткен ғасырдың  50-60 жылдарымен байланысты. Сол кезде Калинин көшесінің бір бөлігін, Фурманов пен Желтоқсан даңғылдарының аралығын Алматы Бродвейі, кейінен жай ғана Брод деп атап кеткен. Бұл қазақ зиялыларының сүйікті орны болды. Қазақстанның алғашқы стилягалары осы жерде пайда болған. Кейіннен олар халықтың мақтанышына, белгілі адамдарға айналды. 

    Мұнда Қазақстанның кез келген кино және театр қайраткерлеріне қатысты ақпараттың бәрін табуға болады. Қазақ киносының негізін қалаған тұлғалар мен жас дарындар туралы ақпаратты да осы жерден табасыз. 

    Біз қазіргі заман туралы, қазіргі заманның батырлары туралы айтатын уақыт жетті деп санаймыз. 

    Портал қазақстандық кино мен театрдың қазіргі жағдайы туралы толық және өзекті деген ақпараттарды бере алады. Мұнда бәрі қазіргі, бұрынғы және болшақтағы жобалар жайлы. Әрқашан тың жаңалықтар, авторлық блогтар, көрермендердің пікірі және түсірілім алаңынан репортаждар, қазақстандық жұлдыздармен сұқбаттар, бәрі-бәрі осында. Кино түсірушілер үшін бұл диалог алаңы болмақ, осы порталдан киноға қатысты нағыз кәсіби мамандарды табуға болады.  

     «Brod.kz» жобасы – бұл қазақстандық кино үшін жаны ауыратын адамдарға арналған ресурс.

     

12 пікір

Пікір қалдыру үшін

arman abishev

10 қазан 2013, 17:05

Желаю удачи Вашему проекту!!!

Акжол Таухан

19 қазан 2013, 10:08

Ен бастысы енбектериниз жана берсин, керемет сайт!!! Бир сурагым бар Ардак Амиркуловтын “Абай” фильмин кайдан корсе болады?

Акжол Таухан

19 қазан 2013, 10:08

Ен бастысы енбектериниз жана берсин, керемет сайт!!! Бир сурагым бар Ардак Амиркуловтын “Абай” фильмин кайдан корсе болады?

Акжол Таухан

19 қазан 2013, 10:08

Ен бастысы енбектериниз жана берсин, керемет сайт!!! Бир сурагым бар Ардак Амиркуловтын “Абай” фильмин кайдан корсе болады?

Сергей Косманев

6 января 2015, 11:03

Здравствуйте! У меня есть много фото с фильмов Месть,Слабое сердце,Место на серой треуголке и других фильмов,где я работал. Могу прислать.

Askhat

18 февраля 2017, 23:44

Спасибо что разъяснили, почему сайт называется «Бродвей», а то я только недавно об этом размышлял. А так же большое спасибо, что вносите свою лепту в развитие казахстанского кинематографа.

Aisultan Kaukakov

26 февраля 2017, 15:30

Классно!

Махаббат Ешкаева

31 наурыз 2017, 21:44

Развивайтесь, достигайте высот. Желаю преданных партнеров, рекордных просмотров и безукоризненных новостей!

Brod.kz

3 қараша 2017, 14:59

Спасибо!

Анар

3 қараша 2017, 12:27

Еңбектеріңіз жана берсін. Керемет. Көп киноларды көруге болады.

Brod.kz

3 қараша 2017, 14:59

Рахмет!

Konstantin Gorozhankin

12 февраля 2019, 09:16

Отличный проект, который развивает наше кино! Удачи вам ребята!