È

Тұмар ханшаны сомдай алатын 10 актриса

Тұмар ханшаны сомдай алатын 10 актриса

Сақ патшайымы Томирис экрандауға тұрарлық кейіпкер. Жігерлі, батыр, қатал патшайымның есімі көптеген халық тарихында мәңгі қалды. ал оның жекелігі аңызға айналды. Жақын арада Ақан Сатаев Тұмар ханшаға арналған фильм түсірмек. Режиссердің басты рөлге кімді бекітетінін әзірге білмейміз, дегенмен редакциямыз Қазақстан киноларының үздік актрисаларының қайсысы осы рөлге жақындау екенін болжап көрді.

 

Айнұр Ниязова

Сурет: comode.kz

Айнұр өзін әрдайым салмақты ұстап, жеңіл атаққа құмартпайтынын білдіреді. Оның бет-бейнесі де өзгеше: бет сүйегі айқын, өткір көзқарас. Жасандылық, назданушылық жоқ. Ол рөлдерді таңдаған кезде тәуекелден қорықпайды және жаңашылдықты жақсы көреді. Айнұрдың сомдауындағы Тұмар ханша сымбатты, тәкаппар, өткір әрі қайсар болатын еді.

 

Құралай Анарбекова

Кұралайды көпшілігіміз «Жаужүрек мың бала» фильміндегі батыр әрі қайсар қыз Қорлан ретінде танимыз. Сондықтан, оның тарихи кинодағы тәжірибесімен қатар, Ақан Сатаевпен жұмыс істегені басымдық беріп тұр. Содан бері бес жыл өтсе де, актриса аттың үстінде әлі де жақсы отыратын шығар деп ойлаймыз. Ендігі кезекте, тек қана сыртқы киімді өзгертсе, образ дайын болып шыға келеді.

 

Айнұр Ілиясова

Сурет: cosmo.kz

Актрисаның комедия жанрындағы мол тәжірибесіне қарамастан, Айнұр Ілиясова өте қызықты Томирис бола алатын еді. Ерекше әрі есте қаларлықтай бейнесі мен шексіз тартымдылығының арқасында оның орындауындағы сақ патшайымы мінезді және мәнерлі болып шығатын еді.

 

Гүлназ Жоланова

Соңғы уақыттарда Гүлназға сұраныс көп болып жатқандай. Біздің ойымызша, басты рөлге осы актриса әбден лайықты. Әрине, егер алда болатын кастингке қатысатын болса... Көпшілігі Гүлназ табиғи жұмсақтығынан Томиристей мықты тұлғаны сомдай алмайды деп ойлауы да мүмкін. Алайда, егер сіздер «Тараз» бен «Қазақша кәсіп» («Бизнес по-казахски») фильмдерін көрген болсаңыз, актрисаның комедиялық және драмалық образды экранға ойдағыдай алып шыға алатынына көз жеткізесіз. Оның бұдан да қиын тапсырманы қалай орындайтынын көру қызық болар еді.

 

Ғазиза Таңшолпан Тілеубай

Жас актриса Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» тарихи фильмінде садақшылар тобындағы батыр қызды сомдаған еді. Картинада ол аттың құлағында жақсы ойнап, садақты ғана емес, суық қаруды да тамаша қолдана білді. Ғазизаның бірден көзге түсетін, қайталанбас сырт пішіні бар: ақшыл шаштары мен жарқын көк көздері оған ерекше сүйкімділік беріп тұрғандай. Жазушы Болат Жандарбеков өзінің «Сақтар» романында Тұмар ханшаны дәл осылай бейнелеген. Тәжірибелі режиссер Ақан Сатаевтың жетекшілігімен Ғазиза осы рөлді жақсы сомдап шығар еді.

 

Аружан Жазылбекова

Сурет: Наира Оганесян

Аружан Ақан Сатаевтың екі фильміне түсіп үлгерген еді. Бірінші рет «Рэкетир 2» фильмінде актриса нәзік әрі аңқау қыздың рөлін сомдаса, екінші мәрте «Анаға апарар жол» картинасында салмақты драмалық рөлді ойнап шықты. Осы жолы да режиссер Жазылбекованы алдағы картинасының бір рөліне лайық көруі әбден мүмкін. Қалай дегенмен, Аружан үшін сақ патшайымының рөлі – бір жағынан, ақкөңіл, нәзік, қайырымды кейіпкердің образынан арылуға мүмкіндік болса, екіншіден төзімділігіне қатаң сынақ болар еді.

 

Камилла Ермекова

Суреттер: tl.kz

Камилла негізінен театр актрисасы ретінде танымал, бірақ кинематографта да біраз тәжірибесі бар. Оның ең жарқын рөлі «Елесті қуу» фильміндегі полиция офицері болды. Камилла Ермекованың нәзіктеу келген болмысы салмақтылық пен ішкі күш-жігермен астасып жатыр. Актриса басты рөлді сомдайтын «Жұт» спектакліне қарасақ, мықты әрі қайсар әйелдің рөлін керемет сомдағанын көре аламыз. Егер Камиллаға сақ патшайымының рөлі ұсынылса, ол Тұмар ханшаны жаңа қырынан көрсететін секілді.

 

Бибігүл Сүйіншалина

Сурет: Михаил Вихров, Маша Котцова

Бибігүлдің тізімінде көптеген рөлдер бар. Барлық жерде қалыпты үлкен көзді сұлуды сомдағанымен, оның мүмкіндігінің мол екендігіне шүбәміз жоқ. Жас актриса - аттарды ерекше жақсы көреді, сегіз жасынан бері ат үстінде жүрген қыз. Қазақи қылышпен де өте әдемі көрінеді. Яғни, Томирис рөліне жақсы келетін сияқты.

 

Дарья Александрова

Бұл топтамамыздағы ерекше әрі қызықты таңдаудың бірі шығар. Негізі, белгілі жауынгер әйелдің шашы ақ түстес болған деген теория бар. Аққұба Даша тынымсыз жаттығу мен күшті актерлік дайындықтан өтсе, бұл рөлді жақсы сомдап шығар еді. Оның бейнесі дала қызының қалыпты образынан алшақтау болса да, жақсы грим Дарьяны өзгертеді. Не дегенмен, бұл бір қызықты тәжірибе болатын еді.

 

Салтанат Наурыз

Жарқын, көңілді, сәнді әрі жігерлі Салтанат Томиристі кинода жақсы алып шығатын сияқты. Ол тек актриса ғана емес, театр режиссері. Оның үстіне, Нью-Йоркте актерлік шеберлігін екі жыл оқып келген. Салтанаттың шығармашылық қабілеті белгілі. Егер ол осындай мықты рөлді алатын болса, оны аяғына дейін жеткізіп, сақ патшайымы образының есте қаларлықтай болуына асталысатын еді.

Жалпы, Тұмар ханшаны кім сомдаса да, ең бастысы актрисаның талантты болуы және аталмыш мықты рөлді алып шығуы маңызды. Қалғанын режиссер Ақан Сатаевтың талантына тапсырамыз. Сондықтан, алдағы уақытта жарыққа шығатын сақ патшайымы туралы фильмді асыға күтеміз.

 

Варвара Литвинова

7 пікір

Пікір қалдыру үшін

Айман Бержанова

6 маусым 2017, 23:49

Я за Айнур Ильясовой либо Б.Суюншалиной. Айнур сильно похоже по внешности. А у Бибигуль характер.

Нурила Досжанова

24 маусым 2017, 03:56

Я бы хотела видеть в роли царицы Томирис Газизу Таншолпан Тлеубай. ее внешность европейской и казахской смешенности очень сильно подходит. А также она отлично скачет на лошади обращается с холодным оружием. Снималась в историческом фильме Казах хандыгы.

Мырзахмет

5 тамыз 2017, 02:26

В роли Томирис я бы предложил сыграть, Қарлығаш Мухаммеджановой. Но так её нет. Претендентом номер один с радостью вам назову Гулназ Жоланова. По фильму путешествие в Кашгарию. Она сыграла отлично. Боевой Акинак в её руке, скачки на көне, боевые сцены и взгляд это пронизывающий на сквозь. Тем более она родом из города Актау. По историческим сведениям Саки Массагеты жили в районе города Ақтау ныне. И были там. Так, что фото есть где даже Гулназ Жоланова в остроконечном шапке. И это не просто так. Я, знаю она отлично сыграет если тока в главную роль возьмёт её Акан Сәтбаев её. Но удачи Гулназ в роли Томирис тебе от всей души.

Мырзахмет

5 тамыз 2017, 02:28

Режиссер Ақан Сатаев хотел сказать.

Oral Oral

18 тамыз 2017, 22:57

Удивлена мне ни одна не откликнулась

Mkb

31 тамыз 2017, 15:09

Камилла Ермекова больше подходит: у нее глаза светлокарие (на фото здесь) ,как будто из тех времен...может так кажется мне и взгляд у нее ...царской особы))

Марлен Утегалиев

18 желтоқсан 2017, 02:34

Я за Бибигуль Суюншалину

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер