È

Ғаламтордан табылмайтын 10 қазақстандық фильм

Ғаламтордан табылмайтын 10 қазақстандық фильм

Жыл сайын Қазақстанда он шақты жаңа фильм түсіріледі. нимается не менее десятка новых фильмов. Алайда прокатқа шығып кинотеатрларда көрсетілген соң олардың көпшілігін табу мүмкін болмай жатады. Көпшілігін тіпті торренттерін көшіріп алып немесе онлайн көрмек түгілі ресми DVD түрінде де шықпайды.Бүгін біз Сіздердің назарларыңызға ғаламтордан табыла бермейтін 10 танымал қазақстандық фильмді ұсынамыз.

10-ыншы орын - «Стриж», режиссер Абай Күлбаев

Абай Күлбаев

2007 жылы «Евразия» кинофестивалінің үлкен экранында бірінші рет сол кездегі жас, болашағы жарқын режиссер Абай Күлбаевтың жұмысы көрсетілген болатын. Бұл драма бір қыздың күрделі өмірі жайлы. Бас кейіпкердің отбасы мейірімді, жауапкершіліктері де жоқ, достары да жоқ, тек нашақор досы бар, жалғыз құрбысының ориентациясы өзгеше, айналасының бәрі быт-шыт. Сонымен жасөспірім қыздың есеюі клейді иіскеумен, сабаққа бармаумен, басқа да жеткіншектерге тән емес проблемалармен өтті. Сондай-ақ кинода зорлау көрінісі мен қыздардың сүйісі де болды.Сөз жоқ, авторлық киног бірнеше байқауларға қатысты, бірақ танымалдыққа ие бола алған жоқ.

 

9-ыншы орын - «Ограбление по-казахски», режиссер Қайыржан Өмірбеков

Режиссер-дебютант Қайыржан Өмірбековтің алғашқы жұмысы төрт әпенді туралы комедия, олар қытай Триадасынан ақша ұрлаған. Идеясы жақсы болғанымен, орындалуы ойдағыдай болмады. Сценарийдегі артық сөздерді ақтап алуға келмеді, ал актерлер құрамы картинаны алып шыға алмады.Алайда операторлық жұмыс пен монтаж көрермендерді қуантты. Фильм шамамен 3 миллион доллар пайда түсіріпті деген сыбыс тарағаны да рас, бірақ бұған сенетіндер аз.

8-інші орын- «Заговор Оберона», режиссер Айдар Баталов

Бұл картина еске алуға тұрарлық. Біздің кинематографта бірінші рет фильм прокатқа шыққан соң ондағы цитаталар ауыздан ауызға тарады. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп ойлауыңыз мүмкін, алайда адамдар фильмге тамсанғаннан емес, бұған сарказммен қарады. Есесіне фильмде қатігез экшн көп болды. Мұндайды өміріңде бір рет болса да көруге тұрарлық. Бірақ бір өкінішітісі мұндайға қанша күш салынғанымен нәтижелі бола бермейді. Ең болмаса «Оберона» картинасын YouTube порталына салып қоюға болар еді.

 

7-інші орын - «Фейк. Береги себя», режиссер Салтанат Мурзалинова-Яковлева

Прокатта бір апта да тұрақтай алмаған фильм. Өкінішке орай, жап-жақсы идея жұрыс жүзеге асырылмады, нітижесінде көрермен фильмді қабылдамады. Фильмде ресейлік актерлер Юлия Зимина мен Алексей Кравченконың қатысуы да «Фейк» фильмін прокатта құтқара алмады. Мүмкін аталған актерлер эпизодтық рөлдерде ғана ойнағаннан болар, мүмкін компьютерлік графикасы жақсы болмады ма, әлде актерлердің ойыны көңілден шықпады ма, әйтеуір сәттілік айналып өтті. «Фейк» ешқандай қызығушылық тудыра алмады, сондықтан бұл фильмді қайталап көріп, бағасын берем деушілерге еш мүмкіндік жоқ.

6-ыншы орын - «Охотник», режиссер Серік Апрымов

Серік Апрымовтың фильмінде ат үстіндегі секс қана емес, түйеге мінген жалаңаш әйел де болды. Бұл картина символизмге толы және түркі аңыздарына негізделген. Өте қызық қазақ аңыздары, осыған қарап Ермек Тұрсынов шабыттанып, өзінің «Келін» фильмін түсірген болар деген ой келеді. Шынайы киномандар, қазақстандық авторлық киноны жақсы көретіндер «Охотник» картинасын жоғары бағалайды. Сөз арасында айта кетейік, біраз уақыт бұрын «Меломанда» Қазақстандық кино антологиясы сатылған болатын, жинаққа осы фильм де кірген. Серік Апрымовтың шығармашылығымен танысқысы келгендер тек осы фильмді ғана көре алады.

 

5-інші орын - «Joker», режиссер Талғад Жаныбеков

Бұл фильмнің режиссерының аты көпшілікке мәлім. Оның «Феникс» фильмінің айналасындағы Арыстанбек Мұхамедиұылының өатысуымен болған шулы оқиға режиссердың есімін танымал ете түсті. Осы оқиғаға тоқталмай-ақ қоялық. Талғадтың алғашқы «Joker» фильмін еске түсіріп көрейік. Бұл фильмде қатілктер аз болған жоқ: әлісздеу сценарий, шала диалогтар, түсініксіздеу персонаждар, т.б.Голливуд фильмдерінен көшіріліп алынған визуалды стиль де оның жағдайын жақсарта алмаған. Алайда осы бір фильмді көргісі келетіндер, әдемі табиғатқа үңілгісі келетіндер, ондағы кейбір сөздерді түсінгісі келетіндер, тіпті болмағанда жай ғана көңіл көтергісі келетіндер табылады. Мүмкін елдің күлкісіне қалмау үшін де «Joker» еш жерде жарияланбаған болар.

P.S. Мүмкін бұл Жаныбековты мойындағысы келмейтіндердің ісі болар!

 

4-інші орын- «Талғат», режиссер Жанна Исабаева

Жанна Исабаеваның фильмі авторлық кино болғандығы соншалық, оны кең прокатта көру мүмкін емес. Егер оның алғашқы драмасы «Қарой» және «Ойпырмай, или Дорогие мои дети» комедиясы DVD түрінде шықса, ал «Талгатты» сіздер сатып та ала алмайсыздар. Иә, тіпті YouTube-тан немесе кинопорталдан да көру мүмкін емес. Ал фильмнің өзі халықаралық кинофестивальдарда сыншылардың көзіне түсті.

3-інші орын - «Запрещенные танцы», режиссер Есболат Беделхан

Біздің тізіміміздегі бұл өте жарқын, визуалды жоба. Оқиға өмірд жоқ N қаласында өрбиді, мұнда көше билеріне заңмен тыйым салынған. Алайда бұл бишілерге топталып алып биден жарысқа түсуге кедергі бола алмайды. Фильмнің ең мықты жағы - бұл, әрине, костюмдері, макияж, жалпы барлық көркемдік бөлігі. билер де жақсы қойылған. Ал фильмнің сценарийі толықтай америкалық «Шаг вперед» фильмінің бір бөлімін көшіріп алған. Диалогтары, актерлық ойын, ең бастысы фильмнің музыкасы сын көтермейді. Нәтижесі - сәтсәз прокат және назардан мүлде жоғалып кетуі.

2-інші орын - «Строители», режиссер Әділхан Ержанов

«Партизандық қозғалыс» бағытының ең жемісті режиссерлерінің бірі шығармашылықта ешкімге ұқсамауымен ерекшеленеді. Оның фильмдерінде көтеретін тақырыптары қоғамдағы айтылмайтын дүниелер емес. Көптеген басқа режиссерлер, оның ішінде Жанна Исабаева одан да өткір, селт еткізетін картиналарды да ашық түсіреді. Алайда басқалар натурализмді қолданса, Ержанов ерекше визуальды құралдар қолданады, һзінің персонаждарые өзгелерден ерекшелп көрсетеді. «Строители» - бұл кішкентай қарындастары жетімдер үйіне түсіп қалмауы үшін жылдамырақ үй салуға мәжбүр болған екі ағайынды жігіттің оқиғасы, ал олардың жерлерін мемелкет меншігіне алған жоқ. Мәселе мынада, оларға не достары, туыстары көмектескен жоқ, құрылыс материалдарын алатын ақшалары да жоқ.

 

1-інші орын - «Теряя невинность в Алма-Ате», режиссер Жанна Исабаева

Жанны Исабаеваның ең даулы фильмі. Алматылық жастардың алғашқы сексуалдық тәжірибелері жайлы фильм. Жаннаның «Талғат» және «Нағима» секілді соңғы фильмдеріндей емес, «Теряя невинность» кең прокатқа есептелген болатын. Алайда атауы мен тақырыбына қарамастан фильмдже эротикалық ештеңе көрсетілген жоқ, мұнда персонаждардың денесіне қарағанда олардың тұрпайы қылықтарына бас назар аударылған. Жоба резонанс туғызды, сондықтан да болар көп кинотеатрлар көрстеуге батылы бармады.Бір жағдай болды, бір ьұзақы кинотеатрдың администраторына қоқан-лоқы көрсетіп, көрсетілімді үзді, ол тіпті көрермендерді де дүрліктірді. Осыдан кейін фильм прокатан алынып тасталды, оның кейінгі тағдыры белгісіз.

қорыта келе айтарымыз, кино көру үшін түсіріледі. Кино қандай болса да, көргісі келетінін, келмейтінін көрермен ғана шеше алады.қазіргі ақпараттық заманда Қазақстанда түсірілген көптеген фильмдерді көре алмайтынымыз өкінішті.

 

Фотолар Google іздеу жүйесінен алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер