È

Шетелде түсірілген отандық 10 фильм

Шетелде түсірілген отандық 10 фильм

Түсірілімі өзге елде өткен қазақстандық фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Тізімде тарихи картиналар, махаббат мелодрамалары және отандық комедиялар бар. Қазақстандық туындылардың арасында картинаның әрқайсысы құрметті орынға ие, көпшілігі бүкіл әлемдегі сыншылардың жоғары бағасын иеленген. Сонымен, попкорн алып, жайғасыңыздар, біз бастаймыз!


«Миымды ашытпаңыздаршы!»

Сәуір бізді ерекше атауы бар отандық комедияның шығуымен қуантты, бұл картинаның басты актері әрі режиссері – Джами Бейсенов. Фильмдегі оқиға тамаша Шри-Ланка аралында болған және көрерменді жергілікті табиғат сұлулығымен тамсандырады. Сюжет бойынша фильмнің басты кейіпкері – аңқау каскадер қыз Жанель – жаңа танысы Мақсатпен бірге аралға келіп, әкесін түрмеден шығарып алуға тырысады. Осы жерде бар қызық басталады! Режиссердің айтуынша, «Миымды ашытпаңыздаршы!» бүкіл отбасыға керемет көңіл-күй сыйлайды, сондай-ақ әкелер мен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесін де қозғайды. Фильмді еліміздің кинотеатрларынан көруге болады, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмай, картинаны кең экраннан тамашалауға кеңес береміз.

 

«Қиырдағы қазақтар»

Шетелдегі қазақтардың өмірін баяндайтын деректі фильм. Картина жақсы өмірді аңсап, жыраққа кеткен ата-бабаларымыздың қиын таңдауының нәтижесін көрсетеді. Таспада тарихи отанында дүниеге келмеген қазақтардың көші-қонына қатысты өзекті мәселелер қозғалады. Кейіпкерлер туған халқының тілі мен дәстүрін сақтап, өзге елде қалай өмір сүріп жатқандарын баяндайды. Авторлардың ойы бойынша, фильмнің 8 бөлімі Ресейде, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Монғолия мен Қытайда түсірілген.

 

«Қазақша кәсіп Америкада»

Нұрлан Қоянбаевтың атышулы «Қазақша кәсіп» картинасының жалғасы көрермендерге 2017 жылы ұсынылып, бірден жақсы пікірлерге ие болды. Фильм сюжеті белгілі кәсіпкер Жомарт (Нұрлан Қоянбаев) жайлы баяндайды, ол қонақ үйіне бес жұлдыз беделін алуға тырысады. Сол үшін қонақ үйдің басқарушысы Аленмен (Жан Байжанбаев) және туысы Еркошпен (Рамазан Амантай) бірге Лос-Анджелеске аттанады. Күлкілі әзілдер, сапалы бейне және жақсы актерлік ойын – комедия көрсетілімінде кездесетін жәйттар.

 

«Ыстамбұлдан шыққан қазақ»

Түркиядағы қазақтардың тағдырын баяндайтын «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» атты тағы бір деректі фильм. Кейіпкерлердің біреуі Қазақстанға көшпей тұрып, өмірінің көп бөлігін Түркияда өткізеді. Екінші кейіпкер тарихи отанына енді ғана оралайын деп жатыр. Картина кейіпкерлері қазақстандықтардың неліктен отанынан кетіп жатқанын айтып, этникалық тап пен ұрпақтар үшін дәстүрді сақтаудың маңыздылығы жайлы әңгімелейді. Картина халқымыздың тарихын терең түсінуге көмек береді, режиссер Райхан Рахымның ойынша, таспа өмірді қаз-қалпында сипаттайды. Фильмді тамашалаған оралмандардың айтуынша, отанынан жырақта жүрген фильм кейіпкерлері сезінген дүниені олар да қайта сезінген.

 

«Таиландтағы демалыс»

«Қазақша кәсіптің» авторлары және продюсер Нұрлан Қоянбаевтан кезекті бір туынды. Тамаша актерлік ойынмен толыққан сиқыр элементтері бар жігерлі әрі жеңіл комедия Қазақстанда сапалы кино түсіре алатындығын тағы бір дәлелдегендей. Картина ғаламат сиқырмен тропикке тап болатын үш студент жайлы баяндайды. Олар шыдамдылыққа, ер мінезділікке сыналады. Біраз алға қарай жүріп, Мақпал Исабекованың шығармашылығын жақсы көретіндерді тосын сыйдың, яғни әншінің камеосы күтіп тұрғанын айта кетейік!

 

«Жұлдыздар тоғысқанда»

«Жұлдыздар тоғысқанда» - Ресейлік режиссер Сергей Снежкин режиссерлік еткен Қазақстан президенті жайлы киноэпопеяның бесінші фильмі. Кинотаспа Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алу үшін Астанаға арнайы келген ағылшын тілшісінің хикаясын баяндайды. Әңгіме барысында, Елбасымыз Қазақстанның қиын-қыстау кезеңін еске алып, өмірі жайлы айтып береді. Фильмнің бес бөлімі де Нұрсұлтан Әбішұлының кітаптар желісімен және құрдастары мен әріптестерінің әңгімесі арқылы жазылған. «Жұлдыздар тоғысқанда» бесінші бөлімінің түсірілімі Алматыда, Қарағанды мен Астанада өтті. Ал 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі жайлы рухты әрі жалпы көрініс қысқы Санкт-Петерборда түсірілді. Картина шынайы әрі әсерлі болып шыққан. Фильмді жас ұрпақтар да, сол жылдарды басынан өткергендер де қызығып көре алады.

 

«Махаббат тәлкегі»

Қазақстан мен Ресейдің ортақ туындысы, басты рөлдерді қазақ сұлуы Әсел Сағатова мен әйелдердің жүрегін жаулаушы ресейлік Алексей Чадов сомдаған 2010 жылы жарыққа шыққан фильм көрермен жүрегіне бірден жол тапты. Оқиғаның барлығы Мәскеу орталығында болған. Картина демалыс күндері жиналып, бірге көруге арналған. Фильм авторлары күнделікті өмірлік оқиғаларды әзіл арқылы жақсы бере білген, жұлдызды актерлік құрам мен сапалы саундтрек те қуантады. Нәтижесінде, ешкімді бей-жай қалдырмайтын күлкілі, аңғал әрі сиқырлы махаббат оқиғасы жарыққа шықты.

 

«Анаға апарар жол»

Танымал қазақ режиссері Ақан Сатаевтың салмақты жұмысы ана махаббатының күші жайлы баяндайды. Басты кейіпкер қиын жолдарды бастан өткереді, оған тағдыр сынақтарынан сынбай өтіп, өліммен бетпе-бет келуіне тура келеді. Басына түскен қиындықтарға қарамастан, азамат (Әділ Ахметов) анасымен қайта қауышатын күннен үміт үзбейді. Фильм сюжеті екі желіден тұрады: Ілиястың балалар үйінен бастап, Магадандағы азапты жұмыспен өткен өмірі және анасының өмірі. Екі өмір қатар көрсетіледі, екеуінің байланысы да сезіледі. Картина түсіріліміне жалпы 2 000 адам атсалысты, түсірілім Қазақстанда, Әзірбайжан мен Беларусьта өтті.

 

«Әміре»

2018 жылы көрермен назарына ұсынылған өмірбаяндық картина сыншылардың ең жағымды пікірлеріне ие болды. Тарихи драма көрермендерге қазақ таланты Әміре Қашаубаевтың тамаша әрі қайғылы өмірін баяндайды. Әміре арқылы бүкіл әлем қазақстардың вокалды-орындау өнеріне қанық болды. Әнші Парижде өнер көрсетіп, барлығын таң қалдырып, медаль иеленді. Фильм Ригада түсірілді, басты рөлді танымал актер әрі режиссер Санжар Мәди сомдады.

 

«Сталинге сыйлық»

Тарихи драма жанрында түсірілген картина Қазақстанға тап болған еврей ұлтының өкілі, бір балақайдың тағдыры жайлы баяндайды. Оны бұл жақта қазақ ата құтқарып қалады да, ең жақын адамына айналады. Оқиға 1949 жылы болған, сол уақытта елде репрессияның жаңа толқыны басталады. Картина түсірілімі Алматыға жақын жерде және Израиль мен Иерусалимде өтті. Фильм өте әсерлі болып шықты – картинада актерлардың тамаша ойыны мен керемет өмірлік оқиғалар үйлесім тапқан, сондықтан сол уақыттағы қайғылы көріністі көз алдымызға келтіреді. Айта кету керек, қарт Сабырды, сол еврей балақайды жазушы Давид Маркиш сомдаған. Соның естеліктері фильм негізіне айналды.

 

 

Зарина Исламова

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

16 мамыр 2018, 23:04

О да, если это так успешно, пусть будет лучше. Форматы тут к лицу все на фоне фильма.

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса