È

Қазақстандық жазғы 10 фильм

Қазақстандық жазғы 10 фильм

Биылғы жылы жазда ауа-райы өте құбылмалы. Біресе жауын-шашын шелектеп жауса, біресе күн ысып кетеді.Осындай кездерде үйде отырып қазақстандық 10 фильмді, жеңіл комедиялар мен драмаларды көруді ұсынамыз.

«Келинка Сабина»

Біздің таңдамалы жинағымыздағы ең танымал, көрермендердің ең сүйікті фильмі «Келинка Сабина». Бұл картина «Укрощение строптивой» фильмінің қазақшасы. Өте күлкілі және халықтық комедияға айналған картина қаланың еркетотай қызының Жүгері ауылындағы шытырман оқиғасы. Колоритті персонаждар, жарқын картиналар және қалалық және ауылдық көрерменге жақсы таныс әзілдер, сондықтан да фильм үлкен танымалдыққа ие болды. Ұзақ жол жүргенде көңілді көтеруге септігін тигізеді.

P.S. Жақында «Келинка Сабина» Swedish International Film Festival 2016 халықаралық фестивалінде жеңіске жетті.

«Побег из аула. Операция «Махаббат»

Нұртас Адамбайдың тағы бір авантюралық комедиясы. Бұл ауылдан қалаға ақша тауып, баю үшін келген бес жігіт жайлы оқиға. Егер адал жолмен тапқан ақшалары ештеңеге жетпесе не істеу керек? Аздап қулыққа басып, достарын байдың қызына үйлендірсе қайтеді? Оның үстіне қыз байдың қызы ғана емес, өте сұлу бойжеткен.

«Ұлжан»

Комедияны ұнатпайтын, философиялық фильмдерді көретін көрермен үшін Фолькер Шлендорфтың «Ұлжан» фильмі жарайды, Картинаны Қазақстан, Германия, Франция бірігіп түсірді. Бұл өте ерекше, аздап мұңды, бірақ қуанышы да жоқ емес фильм. Мұнда біздің еліміз сан қырынан танылады: жаңадан салынған әсем Астана, ядролық жарылыстан жарамсыз болып қалған жерлер, ауылдар мен шексіз далалар және әрине, таулар. Бас кейіпкер шыңына шығуды арманлайтын Тенгри тауы.

P.S. Давид Беннент ойнаған «сөздерді сатушы» Шакуниді ерекше атап өтуге болады.

«Свадьба на троих»

Асқар Бисембиннің алғашқы толықметражды картинасы сәтті шықты. Нұртас Адамбайдың, Аружан Джазильбектің және Дәурен Айдарқұловтың қатысуымен болған комедия алаяқ Азамат атты жігіт жайлы. Ол келеңсіз бір жағдайға тап болып, қалай да одан құтылудың жолын іздейді. Сюжеті өте қызықты, ерекше махаббат үшбұрышы және қызықты әзілдер.Зерікпейтініңіз анық.

«Әдел»

Егер дала жаңбыр жауып тұрса және сіз күлкілі кино көргіңіз келмесе, сіз «Сладкий ноябрь» және «Осень в Нью-Йорке», секілді фильмдерді сүйіп көретін болсаңыз, қазақстандық кино мен үші емес деп ойласаңыз, онла міндетті Асқар Бисембиннің «Әдел» мелодрамасын тамашалаңыз. Махаббат ең биік тұратын әдемі фильм. Шашы өсіп, сабалақ болып кеткен Берік Айтжанов, көңілді, өмірге құштар Әсел Садуақасова, Павла Лидің әсем музыкасы және Алматының ең әдемі көшелері.

«Байқоңыр»

Біздің тізіміздегі романтикалық драмалардың бірі. «Байқоңыр» - бұл тура мағынасында аспаннан құлап, ғарыш айлағының қасындағы Күнгей ауылына тап болған француз қызы Жюли туралы оқиға. Оны Гагарин атанып кеткен жігіт құтқарады. Ғарышқа ұшуды ғана армандаған жас жігіт қызға ессіз ғашық болып, Жюлиді ешқайда жібергісі келмейді. Ғарыштан келген турист қыз бұрын,ы өмірін есіне түсіре алмайды, тек өзін Көкетай деп қазақша атағанда ғана назар аударады. Өте қызықты оқиға.

«Ойпырмай, или Дорогие мои дети»

Жанны Исабаеванфың фильмографиясында қоғамды дүр сілкіндіретін әлеуметтік драмалар ғана емес, қазақ киносының эстетикасын көрсететін авторлық фильмдер де бар. Режиссердің екінші түсірілген фильмі аналар туралы өте қызықты, әсерлі комедия. Ана кенже ұлын үйлендіруді армандайды, ұлының тойын жасау үшін қалада тұратын ұлдарынан ақша жинайды.

«Станция любви»

Махаббат туралы ескі әрі мейірімді фильм. Баян Есентаеваның кинодағы алғашқы рөлі.. Қайта құру кезеңіндегі өте жылы кино. Сюжеті классикалық: Гүлназ есімді қызға Орал және Жеңіс деген сыныптастары ғашық болады. Ал Гүлназ Оралды ұнатады. Бірақ тағдыр ғашықтардың жолын екіге айрады. Олар өмірде алданады да, көңілдері де қалады, Бірақ жылдар өтеді, кейіпкерлер өздерінің ең алғаш оқиғалары басталған станцияда қайта кездеседі. 90-жылдарды сағынған жандар мен романтикалық жұптар үшін көруге тұрарлық фильм.

«Тот, кто нежнее»

Мұндай фильмдерді 90-жылдарды «истернам» деп атау сәнге айналған болатын, америкалық «вестерндерге» ұқсайды. Жабайы шығыстың романтикасы Абай Қарпықовты да айналып өтпеді, ол осы бір аздап мистикалық, шытырман оқиғалы, мелодрама мен экшн аралас картинаны ойлап тапты. Фильмнің басы баяу басталып, ортасында қарқын алады, сюжетте аздаған хаос та бар. Қысқасы, өте қызық, жіберіп алмаңыздар!

«Девушка-ветер»

Жасұлан Пошановтың дәстүрлі қазақ комедиясының белгілері бар роад-муви жанрындағы алғашқы фильмі. Үш достың образы атақты Гайдай үштігіндегі: Қорқақ, Ақымақ, Әккіні еске түсіреді. Олар клубтан жас қызды алып қашып, Шымкентке қалыңдық ретінде апармақшы. Жол бойы олар жасыл көзі әдемі, асау қыздың өзімен алысады және оларды өлтіремін деп қоқанлоқы көрсеткен қыздың ағасымен, оның бұзақылар тобынан әбден шошиды. Сондай-ақ қуғынға туыстарының мәйітін іздеп жүрген екі ер адам да қосылады. Өте ерекше, қызықты кино!

Жайланып отырып көріңіз!

 

Варвара Литвинова

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса