È

Ең әдемі 10 күлкі

Ең әдемі 10 күлкі

1

Мэрилин Монро

Пластикалық хирургия мен жоғары білікті дантисттің қызметі ғажайыптар тудырады, дегенмен осының барлығын дұрыс пайдалана білмесе, бәрі бекер. Норманы Джин Бейкер білетін. Оның қулы, мысық көзқарасы, еліктіретін күлкісі және жарқын жымиысы Жер бетіндегі халықтың жартысын, кино шыңын, тіпті президент Кеннедидің жүрегін баурап алуға көмектесті. Сөзсіз, Мэрилин Монро - ХХ ғасырдағы ең тартымды күлкінің иесі.

 

2

Джордж Клуни

Актер, режиссер, продюсер, кәсіпкер, Time журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең беделді 100 адамның бірі. Оның күлкісі әлемдегі миллиондаған әйелдердің жүрегін жаралады, алайда өз кезегінде бұл мінсіз күлкі оған 30 000 долларға шыққан болатын.

 

3

Джулия Робертс

«Сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен кейін Джулия Робертстің ашық-жарқын күлкісі төлқұжатына айналды, қазір соның арқасында ең жоғары төлемақы алатын киноактрисалардың бірі болды. Бұл дайджесте бағаны да қозғап жатқандықтан, Джулия Робертстің тестері – тура және ауыспалы мағынада «миллионға татитын күлкі».

 

4

Бен Аффлек

Тіс дәрігерінің кабинетіне бармай тұрып, Бен Аффлек Голливудтағы ең жағымсыз күлкісі бар актердің бірі болған. Енді ол киноөндірістегі ең әдемі күлкіге айналды. Бэтменнің күлкісі 20 000 доллар тұрады, дегенмен бұл оның басқа қажеттіліктеріне қарағанда көк тиын болып қалады.

 

5

Кейт Бекинсейл

Егер тамаша актерлік ойыны үшін Кейт Бекинсейл табиғи дарынына алғыс айтса, тартымды күлкісі үшін тіс дәрігеріне рахмет айтуы тиіс. Олар актрисаның көптеген ақауларын - азу тістерінен бастап, алға шығып кеткен қызыл иектерін жөндеп берген. Бірнеше ондаған мың доллар болса, Голливудтағы ең сұлу күлкінің біріне ие боласыздар.

 

6

Бред Питт

Заманауи өмірдің ең үздік тартымды актерларының бірі, дайджестің алдыңғы кейіпкерлеріне қарағанда, ол күлкісін жөндеуге қомақты сома жұмсаған жоқ. Біріншіден, ол оған мұқтаж емес, екіншіден, тісіне қатысты мәселелер болса да, Бред Питт ең алдымен көзімен күле алады, сол арқылы тартымдылыққа ие болып жүр.

 

7

Меган Фокс

Сәнді, азулы, қауіпті – бұл эпитеттер қомақты ақшаға мінсіз ағартылған Меган Фокстың күлкісіне тиесілі.

 

8

Мэттью МакКонахи

«Даласстың сатып алушылар клубы» фильмі үшін «Оскарға» ие болған Мэттью МакКонахи күлімсіреген сымбатты жігіттен салмақты бруталға айналды, бірақ бұл жағдай оны тамаша күлкісінен айырған жоқ.

 

9

Энн Хэтэуэй

«Екі езуі құлағына жететін бойжеткен», бір газет оны осылай атаған, актриса өмірінде бірде-бір рет тісін түзетуге бармағанына мақтанады. Бала күнгі суреттерінде де, қызыл кілемде де Энн өзінің табиғи, сүйкімді және аздап ұяң күлкісімен жарқырап келеді.

 

10

Морган Фримен

Фримен құдайларды сомдаған актерлік дарынымен ғана емес, мінезді терең дауысымен және әңгімешілдігімен танымал. Оның күлкісін нақыштөбе жарығынан үнемі байқай бермейміз, бірақ ол күлсе, жылулық толқыны бүкіл залға тарап кетеді.

 

Өздеріңіз байқағандай, әлемдегі ең әдемі күлкінің көпшілігі табиғи емес, сондықтан жарқындыққа ие болғыңыз келсе, қомақты сомадағы қаржы жинауды немесе Paradontax тіс пастасымен қолдануды бастаңыз, ол қызыл иектің қанауына қатысты мәселелермен күресіп қана қоймай, сізге кәсіби ағарту эффектін, балғын дем мен өзіңізге деген сенімділікті сыйлайды, осының барлығы көптеген голливуд жұлдыздарының айнымас серігі болып табылады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

4 маусым 2019, 13:06

У каждой улыбки есть жанр, силуэт. И это радует нас каждый по-своему.

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер